Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстан заңнамасына шетелден интернет арқылы тауар сатып алуға қатысты жаңа ережелер енгізіліп жатыр. Шетелдік маркетплейстерден тапсырыс берілетін тауарлар үшін міндетті баж салығы енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан заңнамасына шетелден интернет арқылы тауар сатып алуға қатысты жаңа ережелер енгізіліп жатыр. Шетелдік маркетплейстерден тапсырыс берілетін тауарлар үшін міндетті баж салығы енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?Қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шетелдік интернет-сатып алуларға арналған жаңа ережелерді бекітті.
Бұл өзгерістер Қазақстан тұрғындарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдерден, мәселен Қытай, АҚШ және Еуропадан тапсырыс беретін тауарларына қатысты. Бұған дейін Қазақстан бұл өзгерістерді қолдаған болатын..
Енді жаңа нормаларды заңмен бекіту жоспарланып отыр. Тиісті заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды.
Шетелдік интернет-сатып алу ережелерінде не өзгерді?"Былтыр біз Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификацияладық, ал бүгін ұлттық заңнамамызды соған сәйкестендіріп жатырмыз. Электрон сауда бүгінде әлемдік экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі саналады", - деді Мәжіліс депутаты Константин Авершин.
Шетелдік сайттарда (Amazon, AliExpress, Temu және т.б.) зат сатып алу ережелері ЕАЭО-ның жаңа нормаларына байланысты айтарлықтай өзгереді.
Енді шетелдік интернет-дүкендерден тапсырыс берген дүниелердің барлығы жеке пайдалануға арналған қарапайым тауар болып саналмайды. Олар "электрон сауда тауарлары" деген жеке санатқа бөлінді.
Бұл санат үшін өзіндік қатаң ережелер енгізіледі:
жеке кедендік баж салығы; жеке салық; бөлек кедендік декларация. Енді баж салығы қалай есептеледі?Шетелден ЕАЭО елдеріне тауарларды бажсыз әкелу шегі 200 еуро (қазіргі бағам бойынша шамамен 114 000 теңге - ред. еск..) болып қалады. Алайда егер сәлемдеме құны бұдан қымбат болса, есептеу принципінің өзі өзгерді:
200 еуроға дейінгі сатып алулар. Бұл жерде ешқандай өзгеріс жоқ - ешқандай баж салығын төлеудің қажеті жоқ. 200 еуродан қымбат сатып алулар. Міне, осы тұста ережелер қатаңдатылды. Енді 5 пайыздық баж салығы бұрынғыдай айырмашылықтан емес, тауардың жалпы құнынан төленуі тиіс.Түсінікті болу үшін мысал: Сіз 250 еуроға зат сатып алдыңыз. Егер бұрын сіз баж салығын тек лимиттен асқан 50 еуродан төлесеңіз, енді барлық 250 еуродан 5 пайыз төлеуге тура келеді. Оған қоса 16 пайыз қосылған құн салығы (ҚҚС) бар. Бұл ретте ең төменгі баж салығы тауардың әр келісі үшін 1 еуро болады.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин азаматтарды сабырға шақыруға тырысты.
Ерекше тарифтер және ерекше тауарлар"Егер лимиттен асса, баж салығы мен 16 пайыз ҚҚС енгізіледі. Осылайша, лимит артқан жағдайда жалпы салық жүктемесі де жоғарылайды, бірақ мен бұған дейін айтқанымдай, сәлемдемелердің 97 пайыздан астамының құны 200 еуродан аспайды, сондықтан бұл өзгерістер азаматтарымыз үшін қосымша жүктеме әкелмейді", - деді ол.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-сауданың жаңа ережелері барлық тауарға бірдей қолданылмайтынын атап өткен болатын. Бірқатар тауарлар үшін ерекше баж салығы белгіленген, ал кейбір заттарды интернет-сатып алу ретінде рәсімдеуге мүлдем болмайды.
Қандай тауарлар үшін ерекше мөлшерлемелер қолданылады:
Жеңіл автомобильдер: оларға баж салығы жеке автокөліктерге арналған ескі схема бойынша есептеледі - соңғы сома көліктің шыққан жылына және қозғалтқыш көлеміне байланысты болады. Электромобильдер, мотоциклдер, яхталар мен қайықтар: бұл техникалар үшін 15 пайыз көлемінде бекітілген баж мөлшерлемесі белгіленген.Кейбір тауарлар үшін интернет-дүкендердегі "саңылаулар" жабылды. Оларды стандартты кедендік декларация арқылы барлық қатаңдықпен рәсімдеуге тура келеді. Бұл тізімге мыналар кіреді:
алкоголь; темекі өнімдері; асыл тастар мен металдар; әкелу үшін мемлекетке арнайы рұқсат көрсету қажет болатын кез келген тауарлар. Жаңа ережелер не себепті пайда болды?Бұрын шетелден жасалған сатып алулар жеке пайдалануға арналған тауар ретінде рәсімделетін. Мұны тек қарапайым сатып алушылар ғана емес, сонымен қатар салық төлемей тауарларды қайта сату үшін әкелетіндер де пайдаланды.
Осының салдарынан мемлекет салықтан қағылып, жергілікті сатушылар шетелдік интернет-дүкендермен салыстырғанда тиімсіз жағдайда қалды. Жаңа ережелер "электрон сауда тауарлары" деген бөлек санатты құрайды. Олар үшін салық төленбейтін лимит бар, ал одан асқан жағдайда баж салығы мен ҚҚС есептеледі.
Бұған дейін қазақстандықтардың шетелдік маркетплейстерден сатып алынған тауарларды декларациялауға міндеттелетіні туралы жазған болатынбыз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу