Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Қазақстанда AliExpress, Amazon және Temu дан зат сатып алу ережелері өзгеруде

Қазақстанда AliExpress, Amazon және Temu дан зат сатып алу ережелері өзгеруде

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстан заңнамасына шетелден интернет арқылы тауар сатып алуға қатысты жаңа ережелер енгізіліп жатыр. Шетелдік маркетплейстерден тапсырыс берілетін тауарлар үшін міндетті баж салығы енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шетелдік интернет-сатып алуларға арналған жаңа ережелерді бекітті.

Бұл өзгерістер Қазақстан тұрғындарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдерден, мәселен Қытай, АҚШ және Еуропадан тапсырыс беретін тауарларына қатысты. Бұған дейін Қазақстан бұл өзгерістерді қолдаған болатын..

Енді жаңа нормаларды заңмен бекіту жоспарланып отыр. Тиісті заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды.

"Былтыр біз Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификацияладық, ал бүгін ұлттық заңнамамызды соған сәйкестендіріп жатырмыз. Электрон сауда бүгінде әлемдік экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі саналады", - деді Мәжіліс депутаты Константин Авершин.

Шетелдік интернет-сатып алу ережелерінде не өзгерді?

Шетелдік сайттарда (Amazon, AliExpress, Temu және т.б.) зат сатып алу ережелері ЕАЭО-ның жаңа нормаларына байланысты айтарлықтай өзгереді.

Енді шетелдік интернет-дүкендерден тапсырыс берген дүниелердің барлығы жеке пайдалануға арналған қарапайым тауар болып саналмайды. Олар "электрон сауда тауарлары" деген жеке санатқа бөлінді.

Бұл санат үшін өзіндік қатаң ережелер енгізіледі:

жеке кедендік баж салығы; жеке салық; бөлек кедендік декларация. Енді баж салығы қалай есептеледі?

Шетелден ЕАЭО елдеріне тауарларды бажсыз әкелу шегі 200 еуро (қазіргі бағам бойынша шамамен 114 000 теңге - ред. еск..) болып қалады. Алайда егер сәлемдеме құны бұдан қымбат болса, есептеу принципінің өзі өзгерді:

200 еуроға дейінгі сатып алулар. Бұл жерде ешқандай өзгеріс жоқ - ешқандай баж салығын төлеудің қажеті жоқ. 200 еуродан қымбат сатып алулар. Міне, осы тұста ережелер қатаңдатылды. Енді 5 пайыздық баж салығы бұрынғыдай айырмашылықтан емес, тауардың жалпы құнынан төленуі тиіс.

Түсінікті болу үшін мысал: Сіз 250 еуроға зат сатып алдыңыз. Егер бұрын сіз баж салығын тек лимиттен асқан 50 еуродан төлесеңіз, енді барлық 250 еуродан 5 пайыз төлеуге тура келеді. Оған қоса 16 пайыз қосылған құн салығы (ҚҚС) бар. Бұл ретте ең төменгі баж салығы тауардың әр келісі үшін 1 еуро болады.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин азаматтарды сабырға шақыруға тырысты.

"Егер лимиттен асса, баж салығы мен 16 пайыз ҚҚС енгізіледі. Осылайша, лимит артқан жағдайда жалпы салық жүктемесі де жоғарылайды, бірақ мен бұған дейін айтқанымдай, сәлемдемелердің 97 пайыздан астамының құны 200 еуродан аспайды, сондықтан бұл өзгерістер азаматтарымыз үшін қосымша жүктеме әкелмейді", - деді ол.

Ерекше тарифтер және ерекше тауарлар

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-сауданың жаңа ережелері барлық тауарға бірдей қолданылмайтынын атап өткен болатын. Бірқатар тауарлар үшін ерекше баж салығы белгіленген, ал кейбір заттарды интернет-сатып алу ретінде рәсімдеуге мүлдем болмайды.

Қандай тауарлар үшін ерекше мөлшерлемелер қолданылады:

Жеңіл автомобильдер: оларға баж салығы жеке автокөліктерге арналған ескі схема бойынша есептеледі - соңғы сома көліктің шыққан жылына және қозғалтқыш көлеміне байланысты болады. Электромобильдер, мотоциклдер, яхталар мен қайықтар: бұл техникалар үшін 15 пайыз көлемінде бекітілген баж мөлшерлемесі белгіленген.

Кейбір тауарлар үшін интернет-дүкендердегі "саңылаулар" жабылды. Оларды стандартты кедендік декларация арқылы барлық қатаңдықпен рәсімдеуге тура келеді. Бұл тізімге мыналар кіреді:

алкоголь; темекі өнімдері; асыл тастар мен металдар; әкелу үшін мемлекетке арнайы рұқсат көрсету қажет болатын кез келген тауарлар. Жаңа ережелер не себепті пайда болды?

Бұрын шетелден жасалған сатып алулар жеке пайдалануға арналған тауар ретінде рәсімделетін. Мұны тек қарапайым сатып алушылар ғана емес, сонымен қатар салық төлемей тауарларды қайта сату үшін әкелетіндер де пайдаланды.

Осының салдарынан мемлекет салықтан қағылып, жергілікті сатушылар шетелдік интернет-дүкендермен салыстырғанда тиімсіз жағдайда қалды. Жаңа ережелер "электрон сауда тауарлары" деген бөлек санатты құрайды. Олар үшін салық төленбейтін лимит бар, ал одан асқан жағдайда баж салығы мен ҚҚС есептеледі.

Бұған дейін қазақстандықтардың шетелдік маркетплейстерден сатып алынған тауарларды декларациялауға міндеттелетіні туралы жазған болатынбыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Маусым 2026 11:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see133

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see131

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see128

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see122

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see119

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see118

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see117

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see116

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see115

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see115

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see115

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see114

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see114

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see113

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see113

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see113

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see112

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see112

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see110

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары