Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Көлік министрлігі Алатау аспанында байқалған ұшу аппаратының пилотсыз аэротакси екенін растады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды Tengri Travel.
Көлік министрлігі Алатау аспанында байқалған ұшу аппаратының пилотсыз аэротакси екенін растады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды Tengri Travel.
Журналистер Көлік министрінен кеше желіде тараған бейнежазба туралы сұрады. Алатау аспанында ұшу аппараты байқалған болатын. Желі қолданушылары мұны аэротакси болуы мүмкін деп болжаған еді.
Нұрлан Сауранбаев кеше расында пилотсыз аэротаксидің сынақ ұшуы өткенін растады.
"Иә, пилотсыз аэротаксидің сынақ ұшуы өтті. Бұл мамырда іске қосамыз деп айтқан тұсаукесерлік шарамыз болатын. Бұл осы аппараттың сынақ ұшуы", - деді министр.
Аппараттың техникалық сипаттамалары туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтып берді. Оның сөзінше, мәселе қытайлық өндіруші AutoFlight ұшу аппараты туралы болып отыр.
"Оның техникалық параметрлері: ұшу радиусы 250 шақырым, максималды жылдамдығы сағатына 200 шақырым. Қазіргі уақытта Алатау аспанында аталған аппараттың сынақ ұшулары жүргізіліп жатыр", - деді Ластаев.
Брифингке қатысушылар аэротаксидің Алматыға неше минутта жететіні және аппараттың неше жолаушыға арналғаны туралы сұрақтарға жауап бермеді.
Қазақстандағы аэротаксиБұған дейін аэротакси тақырыбы Үкімет отырысында көтерілген болатын. Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігіне маусымның аяғына дейін қалалық әуе мобильділігі - UAM мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді дайындауды тапсырды. Ол Қазақстан аэротакси, дрондар мен ұшу аппараттарының өзге де жаңа түрлерін іске қосуға дайын болуы керектігін атап өтті.
Бұдан бөлек, Нұрлан Сауранбаев "Аллюр" және "Алатау Advanced Group" компаниялары сынақтан өткізу үшін пилотсыз ұшу аппараттарын сатып алып жатқанын хабарлаған еді. Министрлік мәліметінше, қазірдің өзінде қону алаңдары мен операциялық орталықтың құрылысы басталып кеткен.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу