Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Сарапшылар Қазақстандағы дәрі-дәрмек құнын талдап, қазіргі уақытта бағаның айтарлықтай өсімі байқалып отырғанын атап өтті. Осы орайда мамандар халыққа түсетін салмақтың артып бара жатқанын айтады, - деп хабарлайды TengriHealth тілшісі Ranking.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Сарапшылар Қазақстандағы дәрі-дәрмек құнын талдап, қазіргі уақытта бағаның айтарлықтай өсімі байқалып отырғанын атап өтті. Осы орайда мамандар халыққа түсетін салмақтың артып бара жатқанын айтады, - деп хабарлайды TengriHealth тілшісі Ranking.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Нарық инфляциядан озып барадыҰлттық статистика бюросының деректері негізінде талдау жүргізген мамандардың айтуынша, 2026 жылғы наурызда Қазақстанда инфляция баяулауын жалғастырғанымен, дәрі-дәрмек бағасының өсімі айтарлықтай жеделдеген.
Наурыздың қорытындысы бойынша, дәрі-дәрмек жылдық есепте 15,9 пайызға қымбаттаған, бұл 11 пайыз болған жалпы инфляциядан 4,9 пайыздық тармаққа жоғары.
"Оның үстіне, қазіргі динамика 2017 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш болды. Осылайша, елімізде соңғы 9-10 жылдағы дәрі-дәрмек бағасының ең елеулі өсімі қалыптасып отыр", - дейді сарапшылар.
Олардың мәліметінше, фармацевтикалық өнімдер басқа тауарлар мен қызметтерге қарағанда тезірек қымбаттап жатыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, наурызда азық-түлік орташа есеппен 11,7 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 11,3 пайызға, ал ақылы қызметтер 10 пайызға қымбаттаған.
Фото: Ranking.kz
Дәрі-дәрмек қай өңірлерде қымбаттап жатыр?Өңірлер арасындағы айырмашылық айтарлықтай. Сарапшылар 20 облыстың 9-ында баға өсімі сынды деңгейде деп санайды - ол елдегі орташа көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.
Шымкент көш бастап тұр (бір жылда +25 пайыз), одан кейін Батыс Қазақстан (+22,4 пайыз) және Ақмола (+22,1 пайыз) облыстары жайғасқан.
Сондай-ақ антилидерлер қатарында Ақтөбе (+20,4 пайыз) және Жетісу (+21,7 пайыз) облыстары бар.
Ал ең төменгі көрсеткіштер Павлодар (+5,5 пайыз), Маңғыстау (+7,3 пайыз) және Қостанай облыстарында (+8,4 пайыз) тіркелді.
Баға неге өсіп жатыр?Сарапшылар бұл жағдайды Қазақстанның фармацевтика нарығының импортқа тәуелділігімен түсіндіреді. Логистиканың, шикізаттың қымбаттауы және валюта бағамының құбылуы дәрі-дәрмек құнына тікелей әсер етеді.
Дегенмен бірінші тоқсанда теңге долларға шаққанда нығайды, сондықтан бұл фактор негізгі рөл атқара алмады, дейді талдаушылар.
Олардың пікірінше, жекелеген өңірлерде бағаның өсуін бәсекелестіктің әлсіздігі, делдалдардың көптігі және логистикалық шығындардың жоғарылығы күшейтіп отыр.
Қай дәрілер бірінші болып қымбаттады?Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, мына дәрілердің бағасы көбірек өскен:
белсендірілген көмір - 66,5 пайызға, парацетамол - 53,8 пайызға, ацетилсалицил қышқылы - 52,2 пайызға.Бұл препараттар тек дәрі-дәрмектер арасында ғана емес, еліміздегі барлық тауар мен қызмет арасында ең жоғары баға өсімін көрсетті.
Сарапшылар бұл дәрілердің ең көп сұранысқа ие медикаменттер қатарына жататынын, бұл жағдай халыққа түсетін салмақты арттыра түсетінін баса айтты.
Сондай-ақ мына дәрілер де айтарлықтай қымбаттады:
"Корвалол", "Но-шпа", "Смекта", "Омез", "Хилак форте", "Магне В6".Бұл ретте кейбір препараттар, керісінше, арзандаған. Олардың қатарында - "Супрастин", "Энап" және азитромицин бар.
Фото: Ranking.kz
Бұл нені білдіреді?Талдаушылар жалпы инфляцияның баяулауы фонында дәрі-дәрмектің баға өсімінің басты көздерінің біріне айналып отырғанын айтады. Бұл ретте тек жекелеген санаттар ғана емес, қазақстандықтар үнемі сатып алатын ең кең таралған базалық препараттар да қымбаттап жатыр.
Бұдан былайғы жағдай үстеме бағаларды бақылауға, жеткізілімдердің ашықтығына және нарықтағы бәсекелестік деңгейіне байланысты болмақ.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу