Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанда дәрі дәрмек бағасы 10 жылдық ең жоғары деңгейге жетті

Қазақстанда дәрі дәрмек бағасы 10 жылдық ең жоғары деңгейге жетті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Сарапшылар Қазақстандағы дәрі-дәрмек құнын талдап, қазіргі уақытта бағаның айтарлықтай өсімі байқалып отырғанын атап өтті. Осы орайда мамандар халыққа түсетін салмақтың артып бара жатқанын айтады, - деп хабарлайды TengriHealth тілшісі Ranking.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Нарық инфляциядан озып барады

Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде талдау жүргізген мамандардың айтуынша, 2026 жылғы наурызда Қазақстанда инфляция баяулауын жалғастырғанымен, дәрі-дәрмек бағасының өсімі айтарлықтай жеделдеген.

Наурыздың қорытындысы бойынша, дәрі-дәрмек жылдық есепте 15,9 пайызға қымбаттаған, бұл 11 пайыз болған жалпы инфляциядан 4,9 пайыздық тармаққа жоғары.

"Оның үстіне, қазіргі динамика 2017 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш болды. Осылайша, елімізде соңғы 9-10 жылдағы дәрі-дәрмек бағасының ең елеулі өсімі қалыптасып отыр", - дейді сарапшылар.

Олардың мәліметінше, фармацевтикалық өнімдер басқа тауарлар мен қызметтерге қарағанда тезірек қымбаттап жатыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, наурызда азық-түлік орташа есеппен 11,7 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 11,3 пайызға, ал ақылы қызметтер 10 пайызға қымбаттаған.

Фото: Ranking.kz

Дәрі-дәрмек қай өңірлерде қымбаттап жатыр?

Өңірлер арасындағы айырмашылық айтарлықтай. Сарапшылар 20 облыстың 9-ында баға өсімі сынды деңгейде деп санайды - ол елдегі орташа көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.

Шымкент көш бастап тұр (бір жылда +25 пайыз), одан кейін Батыс Қазақстан (+22,4 пайыз) және Ақмола (+22,1 пайыз) облыстары жайғасқан.

Сондай-ақ антилидерлер қатарында Ақтөбе (+20,4 пайыз) және Жетісу (+21,7 пайыз) облыстары бар.

Ал ең төменгі көрсеткіштер Павлодар (+5,5 пайыз), Маңғыстау (+7,3 пайыз) және Қостанай облыстарында (+8,4 пайыз) тіркелді.

Баға неге өсіп жатыр?

Сарапшылар бұл жағдайды Қазақстанның фармацевтика нарығының импортқа тәуелділігімен түсіндіреді. Логистиканың, шикізаттың қымбаттауы және валюта бағамының құбылуы дәрі-дәрмек құнына тікелей әсер етеді.

Дегенмен бірінші тоқсанда теңге долларға шаққанда нығайды, сондықтан бұл фактор негізгі рөл атқара алмады, дейді талдаушылар.

Олардың пікірінше, жекелеген өңірлерде бағаның өсуін бәсекелестіктің әлсіздігі, делдалдардың көптігі және логистикалық шығындардың жоғарылығы күшейтіп отыр.

Қай дәрілер бірінші болып қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, мына дәрілердің бағасы көбірек өскен:

белсендірілген көмір - 66,5 пайызға, парацетамол - 53,8 пайызға, ацетилсалицил қышқылы - 52,2 пайызға.

Бұл препараттар тек дәрі-дәрмектер арасында ғана емес, еліміздегі барлық тауар мен қызмет арасында ең жоғары баға өсімін көрсетті.

Сарапшылар бұл дәрілердің ең көп сұранысқа ие медикаменттер қатарына жататынын, бұл жағдай халыққа түсетін салмақты арттыра түсетінін баса айтты.

Сондай-ақ мына дәрілер де айтарлықтай қымбаттады:

"Корвалол", "Но-шпа", "Смекта", "Омез", "Хилак форте", "Магне В6".

Бұл ретте кейбір препараттар, керісінше, арзандаған. Олардың қатарында - "Супрастин", "Энап" және азитромицин бар.

Фото: Ranking.kz

Бұл нені білдіреді?

Талдаушылар жалпы инфляцияның баяулауы фонында дәрі-дәрмектің баға өсімінің басты көздерінің біріне айналып отырғанын айтады. Бұл ретте тек жекелеген санаттар ғана емес, қазақстандықтар үнемі сатып алатын ең кең таралған базалық препараттар да қымбаттап жатыр.

Бұдан былайғы жағдай үстеме бағаларды бақылауға, жеткізілімдердің ашықтығына және нарықтағы бәсекелестік деңгейіне байланысты болмақ.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Дәрі-дәрмек

Қазақстан

Денсаулық

Баға

Қыдырәлі Болманов

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 18:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары