Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Жемісті жеті жыл

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Дәрі дәрмек бағасы: Қазақстанда не өзгерді?

Дәрі дәрмек бағасы: Қазақстанда не өзгерді?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекет дәрі-дәрмектің бағасын қалай анықтайды? Неліктен бір дәрінің бағасы әр дәріханада әртүрлі? Қазір қандай дәрілердің бағасы мемлекет тарапынан реттеледі? Сатып алушы белгіленген бағаны қалай тексере алады?

Дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру жүйесі қалай жұмыс істейді, соңғы жылдары қандай өзгерістер болды және азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін қандай мүмкіндіктері бар, осы және басқа сұрақтарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов жауап берді.

 Бауыржан Әлішерұлы, қазір қандай дәрілердің бағасы мемлекет тарапынан реттеледі?

– Қазақстанда тіркелген, қолданыста жүрген және арнайы тізімге енгізілген дәрілік заттардың бағасы мемлекет тарапынан реттеледі.

Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында сатып алынатын дәрілердің бағасы да реттеледі.

Бұл жүйе біртіндеп жетілдіріліп келеді. 2025 жылдан бастап рецептсіз босатылатын дәрілердің бағасы мемлекеттік реттеуге жатпайды. Ал 2026 жылғы қыркүйектен бастап құны 1 АЕК-ке дейін, яғни 4 325 теңгеге дейінгі рецептімен берілетін дәрілер бағалық реттеуден шығарылды. Осының нәтижесінде мемлекет бағасын реттейтін дәрілік заттардың саны 3 039-дан 1 827-ға дейін қысқарды.

 Неліктен арзан дәрілер бағалық реттеуден шығарылды?

– Бұл шешім мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру және фармацевтикалық нарыққа қатысушылардың әкімшілік жүктемесін азайту үшін қабылданды.

Енді құны 1 АЕК-ке дейінгі арзан дәрілердің шекті бағасын мемлекет белгілемейді.

Бірақ бір нәрсені атап өткен жөн: дәрілердің бір бөлігін бағалық реттеуден шығару мемлекет фармацевтикалық нарықты бақылаудан бас тартты дегенді білдірмейді.

Комитет цифрлық құралдардың көмегімен нарықтағы жағдайды тұрақты бақылап, бағаларды талдайды және мемлекеттік бағалық реттеуде қалған дәрілер бойынша белгіленген талаптардың сақталуын қадағалайды.

 Дәрі-дәрмектің бағасы қалай қалыптасады?

– Барлығы өндіруші белгілеген бағадан басталады. Өндіруші немесе оның өкілі дәрінің мәлімделген бағасын растайтын келісімшарт, инвойс, кедендік декларация, т.б. құжаттарды ұсынады. Олардың қатарында сондай-ақ дәрінің басқа елдердегі бағасы туралы мәліметтер болуы мүмкін. Одан кейін баға тексеріліп, салыстырылады.

Бұл жерде қолданылатын негізгі тәсілдердің бірі – референттік баға белгілеу. Қарапайым тілмен айтқанда, мемлекет өндіруші ұсынған бағаны басқа елдердегі дәл сондай дәрінің бағасымен салыстырады. Бұл дәрінің бағасы қаншалықты негізді екенін анықтауға мүмкіндік береді.

 Бағалар қай елдермен салыстырылады?

– Қазір 10 референттік елдің деректері пайдаланылады. Олар: Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Венгрия, Қырғызстан, Польша, Ресей, Словения, Түркия және Өзбекстан.

Референттік елдердің тізімі 2024 жылы қайта қаралды. Елдерді таңдаған кезде олардың Қазақстанмен экономикалық тұрғыдан салыстырмалы сәйкестігі және халықтың табыс деңгейі ескерілді.

Өндірушінің бағасын анықтау кезінде осы елдердегі ең төмен үш бағаның орташа мәні қолданылады. Бұл мәліметтер халықаралық ақпараттық дерекқорлардағы ақпаратпен де қосымша салыстырылады. Яғни, дәрінің бағасы бір ғана дерекке сүйеніп белгіленбейді.

Осылайша, дәрі-дәрмек бағасы бірнеше кезең бойынша тексеріледі, өз бетінше белгіленбейді.

 Соңғы жылдары дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру жүйесінде қандай өзгерістер болды?

– Негізгі өзгерістер 2024 жылдың соңында енгізілді. Одан кейін жүйе 2025 және 2026 жылдары жетілдірілді. Бағаны есептеу кезінде референттік елдердегі ең төмен үш бағаның орташа мәні ескеріле бастады. Сондай-ақ дәріханалар мен басқа да нарық қатысушыларының үстеме бағасын қалыптастыру тәртібі қайта қаралды.

Бұдан бөлек, түпнұсқа және генерикалық дәрілердің бағалары қосымша салыстырыла бастады. ТМККК және МӘМС аясында сатып алынатын дәрілер бойынша бірдей халықаралық патенттелмеген атауы бар, яғни құрамында бірдей әсер етуші заты бар препараттардың бағасы да салыстырылады.

2025 жылы баға белгілеу тәртібі өзгерген жағдайда шекті бағаларды қайта қарау мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар бағаны есептеу кезінде халықаралық ұйымдардың сайттарындағы мәліметтерді пайдалану енгізілді. Осының бәрі дәрі бағасын бірнеше дереккөз бойынша салыстырып, неғұрлым нақты анықтауға мүмкіндік береді.

 Бұл өзгерістер дәріханалардағы дәрі бағасына қалай әсер етті?

– Бағаларды қайта қарау нәтижесінде көптеген дәрілердің бағасы төмендеді.

2025 жылы дәрілердің шамамен 5 мың атауы бойынша шекті бағалар қайта қаралды. 3 800 дәрі атауы бойынша шекті баға төмендетілді. Орта есеппен баға 26%-ға төмендеді.

ТМККК және МӘМС аясында шамамен 3 мың дәрі атауының бағасы қайта қаралды. Олардың 50%-дан астамының бағасы орта есеппен 20%-ға төмендеді.

 Ал арзан дәрілер бағалық реттеуден шығарылғаннан кейін олардың бағасы қалай өзгеріп жатыр?

– Бұл жерде маңыздысы – мемлекет нарықтағы жағдайды бақылауды жалғастырып отыр. Цифрлық таңбалау жүйесі дәрілердің қозғалысын, дәріханалар мен медициналық ұйымдардағы қалдықтарды бақылауға, сондай-ақ нақты бағаларды талдауға мүмкіндік береді.

2026 жылғы тамызда еліміздің 20 өңіріндегі дәріханаларда 3 мыңнан астам дәрінің бағасына салыстырмалы талдау жүргізілді.

Нәтижесінде, дәрілердің жартысынан астамының бағасы өзгермеген. Шамамен 26%-ның бағасы төмендеген. Кейбір дәрілердің бағасы 20%-дан астам арзандаған.

Бұл ретте бір дәрінің бағасы әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін. Оған тасымалдау шығындары, елді мекеннің ірі тарату орталықтарынан қашықтығы және басқа да факторлар әсер етеді.

 Мемлекеттік сатып алу кезінде дәрі-дәрмекке жұмсалатын шығындарды азайту мүмкін болды ма?

– Иә. 2026 жылға арналған дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алу қорытындысы бойынша шамамен 70 млрд теңге экономикалық тиімділікке қол жеткізілді.

Оның ішінде шамамен 25 млрд теңге отандық және шетелдік өндірушілермен тікелей келісімшарттар жасау есебінен үнемделді. Тікелей сатып алынатын дәрілердің саны екі еседен астам өсті.

Тағы шамамен 17 млрд теңге Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі халықаралық ұйымдар – БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), ЮНИСЕФ және STOP TB арқылы сатып алу көлемін арттыру есебінен үнемделді.

Отандық өндірушілермен жүргізілген келіссөздер де қосымша нәтиже берді. Тағы 10 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді.

Бұдан бөлек, жеткізушілер тең жағдайда қатысатын аукциондар өткізу арқылы 15 млрд теңгеден астам экономикалық тиімділікке қол жеткізілді.

 Сатып алушы дәрінің бағасын өзі тексере ала ма?

– Қазір бұл үшін мемлекеттік органға арнайы жүгінудің қажеті жоқ. Дәрі туралы ақпаратты DariKZ және NAQTY ONIM мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады.

NAQTY ONIM қосымшасынан дәрінің өндірушісі, дистрибьюторы, қай дәріханада сатылып жатқаны туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік реттеуге жататын дәрілердің белгіленген шекті бөлшек сауда бағасын көруге болады.

Яғни, сатып алушы дәріні сатып алмас бұрын оның бағасын өзі тексере алады.

Егер дәріханада дәрі белгіленген бағадан қымбат сатылса, не істеу керек?

– Егер дәрі мемлекеттік бағалық реттеуге жататын болса және ол белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан жоғары сатылса, азаматтар бұл туралы мобильді қосымшалар арқылы хабарлай алады немесе Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне жүгіне алады.

Мұндай жағдайда дәрінің түбіртегін және препарат туралы ақпаратты сақтап қойған жөн.

Белгіленген шекті бағадан асырып сату әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Айыппұл мөлшері құқықбұзушылық жасаған тұлғаның санатына байланысты 70 АЕК-тен 1 000 АЕК-ке дейін болуы мүмкін.

Бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. 2026 жылдың алғашқы алты айында шекті бағадан асырудың 6 фактісі анықталды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрады.

 Ең бастысы, әрбір сатып алушы нені білуі керек?

– Ең алдымен, нақты дәрінің бағасы мемлекет тарапынан реттеле ме, жоқ па, соны білу қажет. Егер дәрі мемлекеттік реттеудегі дәрілер тізіміне енгізілсе, дәріхана оны белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан жоғары бағамен сата алмайды. Бұл ақпаратты цифрлық сервистер арқылы өзіңіз тексере аласыз.

Егер дәрі мемлекеттік бағалық реттеуден шығарылса, оның бағасы еркін қалыптасуы мүмкін және әр дәріханада әртүрлі болуы ықтимал. Мұндай жағдайда сатып алушы бірнеше дәріханадағы бағаны салыстырып, өзіне қолайлы нұсқаны таңдай алады.

Сонымен бірге Комитет фармацевтикалық нарықты тұрақты түрде бақылап, мемлекеттік бағалық реттеуде қалған дәрілер бойынша белгіленген талаптардың сақталуын қадағалайды.

Бүгінде жүйе неғұрлым нақты әрі мақсатты бола түсті. Мемлекеттік реттеу ең алдымен бақылауды қажет ететін дәрілерге бағытталған, ал арзан дәрілердің бір бөлігі бағалық реттеуден шығарылды.

Сонымен қатар цифрлық жүйелер нарықтағы жағдайды тұрақты бақылауға және бағаны көтеру фактілері анықталған жағдайда жедел шара қабылдауға мүмкіндік береді.

Осылайша, мемлекетте дәрі бағасын бақылаудың қажетті тетіктері сақталып отыр, ал фармацевтикалық нарық қатысушыларына түсетін әкімшілік жүктеме азайды.

Ең бастысы, азамат дәрінің бағасы туралы ақпаратты өзі тексеріп, белгіленген талаптардың сақталуына бақылау жасауға мүмкіндік алды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:27
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see106

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see106

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see106

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see105

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see104

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see104

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see103

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see103

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see102

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see102

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see102

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see101

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see101

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see101

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see100

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see100

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see100

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see99

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see98

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары