Президент Қазақстан Халық Кеңесін құрудағы басты мақсатты атады
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Мемлекет басшысының сөзінше, уақыт өткен сайын заманның сипаты мен талабы өзгереді. Өркениетті ел болу үшін Қазақстан жаһандық дамудан қалыспай, бәсекеге қабілеттілігін сақтауы керек.
"Біз ұлттық сана-сезімге серпіліс беріп, жұртымызды ортақ мүддеге жұмылдыру үшін қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет. Қазақстан Халық Кеңесін құрудағы басты мақсатымыз да – осы", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихында алғаш рет қоғам мүддесі жолында еңбек етіп жүрген түрлі топ өкілдері бір құрылым аясында бас қосқанын атап өтті. Ол мұны "Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт" тұжырымдамасының іс жүзіндегі көрінісі деп бағалады.
"Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы жалпыұлттық бірлігіміздің анағұрлым нығайып, институционалдық сипатқа ие болғанын көрсетті. Осылайша, Қазақстан Халық Кеңесінде ел ынтымағын күшейте түсетін тиімді, алдын ала мұқият зерттелген бастамалар жүзеге асырылады", – деді Мемлекет басшысы.
Президент кеңестің конституциялық мәртебесіне ерекше назар аударып, бұл қадам зор мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Тоқаев Халық кеңесін құруды тапсырды
20 Қаңтар 2026 15:38
Халық саулығы басты байлығымыз
18 Желтоқсан 2025 13:22
Президент Қазақстан Халық Кеңесі атауының мәнін түсіндірді
24 Қыркүйек 2026 11:51
Президент әлемдегі тікелей шетелдік инвестиция нөпірінің күрт төмендеуінің басты себептерін атады
06 Желтоқсан 2025 03:00
Қазақстанның Халық Кеңесін құру қоғамдық диалогтың жаңа форматын қалыптастыру
03 Ақпан 2026 13:36
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 11:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















