Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Қазақстанның Халық Кеңесін құру қоғамдық диалогтың жаңа форматын қалыптастыру

Қазақстанның Халық Кеңесін құру қоғамдық диалогтың жаңа форматын қалыптастыру

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының доцент міндетін атқарушы Бақдәулет Ақын Қазақстан Республикасының Ата Заңына енгізіліп жатқан түзетулер мен толықтырулары жайында сөз қозғады.

Оның айтуынша, Ата Заңға енгізіліп жатқан түзетулер мен толықтыруларының әзірленуі – елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды конституциялық реформаның қисынды жалғасы.

– Бұл реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасынан бастау алады. Президент бұл ұсынысты жасанды интеллект дәуіріндегі жаһандық сын-қатерлерге бейімделген, тиімді әрі икемді мемлекеттік басқару моделін қалыптастыру қажеттілігімен негіздеді.

Реформаның ерекшелігі – оның инклюзивті сипаты. Конституциялық өзгерістер азаматтық қоғам институттарын, саяси партияларды, ғылыми және сарапшылық қауымдастықты кеңінен тарта отырып әзірленді. Алты айға жуық уақытқа созылған қоғамдық талқылаулар барысында e-Otinish және eGov платформалары арқылы екі мыңнан астам ұсыныс түсуі – конституциялық үдерістің ашықтығы мен жариялылығын айқын көрсетеді, – деді Бақдәулет Ақын.

Оның пікірінше, 2026 жылғы 21 қаңтарда құрылған Конституциялық комиссия конституциялық реформаны жаңа сапалық деңгейге көтерді.

– Құрамына 130 өкілдің енуі – Қазақстан қоғамының әлеуметтік, өңірлік және кәсіби әртүрлілігін барынша қамтуға бағытталған қадам. Комиссияға Конституциялық Сот Төрағасының жетекшілік етуі реформаның құқықтық легитимдігін күшейтсе, Мемлекеттік кеңесші мен Премьер-Министрдің орынбасарының қатысуы саяси және атқарушы билік арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етті.

Комиссия отырыстарының толық ашық форматта өтуі, тікелей эфирлер мен БАҚ-тағы кеңінен жариялануы – конституциялық реформаның демократиялық сипатын нығайтатын маңызды фактор. Нәтижесінде түзетулер Конституция мәтінінің 84 пайызын қамтып, жекелеген нормаларды жетілдіру шеңберінен шығып, жаңа Конституция қабылдау мәселесін күн тәртібіне шығарды.

Ата Заңға енгізіліп жатқан түзетулер мен толықтыруларының басты идеясы – адамға бағдарланған мемлекет қағидатын институционалдық және нормативтік деңгейде бекіту. Бұл бағыт жаңа Преамбулада айқын көрініс тапқан. Алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланып, бүкіл Конституцияның мағыналық өзегіне айналады. Бірлік, ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім мемлекеттіліктің іргелі негіздері ретінде бекітілген. Егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылып, мемлекеттің конституциялық тұрақтылығы нығайтылған.

Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттардың Конституция деңгейінде бекітілуі – құқықтық мемлекетті экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікпен ұштастыруға бағытталған жаңа көзқарасты білдіреді. Ата Заңға енгізіліп жатқан түзетулер мен толықтыруларында білім мен ғылым, мәдениет пен инновация мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының басты тірегі ретінде айқындалады. Бұл – Қазақстан дамуының ресурстық модельден адами капиталға негізделген модельге түбегейлі бет бұрғанын көрсететін стратегиялық тұжырым, – дейді ол.

Доценттің айтуынша, цифрландыру мәселесі конституциялық деңгейге көтеріліп, азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау жөніндегі норма алғаш рет бекітіледі. Бұл құқықтық жүйенің технологиялық трансформацияға бейімделуін көрсетеді.

Дін мен мемлекеттің ара-жігін нақты ажырату, білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекіту – конституциялық зайырлылық қағидатын күшейтеді. Неке институтына қатысты ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы туралы ереженің енгізілуі дәстүрлі құндылықтарды қорғаумен қатар, әйел құқықтарының конституциялық кепілдігін арттыруға бағытталған.

– Ата Заңға енгізіліп жатқан түзетулер мен толықтыруларының ең ірі институционалдық жаңалығы – бір палаталы, 145 депутаттан тұратын жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылуы. Пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі саяси партиялардың рөлін күшейтіп, олардың бағдарламалық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Бұл қадам партиялық жүйенің институционалдық дамуына серпін беруге бағытталған.

Қазақстанның Халық Кеңесін құру – қоғамдық диалогтың жаңа форматын қалыптастыруға арналған. Бұл орган заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік институт ретінде азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтады. Вице-президент институтының енгізілуі атқарушы биліктің саяси-дипломатиялық және қоғамдық коммуникацияларын жүйелеуге арналған жаңа тетік ретінде бағалануы мүмкін.

Жаңа Конституция жобасында адвокатураға арналған арнайы баптың енгізілуі, зияткерлік меншік құқықтарының қорғалуы, кінәсіздік презумпциясы мен «Миранда ережесінің» бекітілуі құқықтық мемлекеттің институционалдық негіздерін едәуір нығайтады. Сонымен қатар азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күшіне тыйым салу – құқықтық қауіпсіздікті арттыратын маңызды кепіл.

Қазақстан Республикасының Ата Заңына енгізіліп жатқан түзетулер мен толықтырулары – эволюциялық сипаттағы терең конституциялық трансформацияның көрінісі. Ол адам құқықтарына бағдарланған, ашық, инклюзивті және болашаққа бағытталған құқықтық мемлекетті қалыптастыруды көздейді. Жоба мемлекеттік құрылымның сабақтастығын сақтай отырып, білімге, ғылымға, инновацияға және адами капиталға негізделген жаңа даму парадигмасын ұсынады.

Алдағы жалпыұлттық референдум Ата Заңға енгізіліп жатқан түзетулер мен толықтыруларының қоғамдық легитимдігін айқындайтын шешуші кезең болмақ. Конституциялық комиссия жұмысының жалғасуы бұл құжаттың мазмұнын одан әрі жетілдіруге және қоғам сұранысына барынша бейімдеуге мүмкіндік береді, – деді Бақдәулет Ақын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 13:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары