Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

Абыройы асқақтаған аудан

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Жаңа Конституция партияаралық диалогтың басты тақырыбы

Жаңа Конституция партияаралық диалогтың басты тақырыбы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған Партияаралық диалог өтті. Пікірталас «Qazaqstan» телеарнасының әлеуметтік желідегі платформаларында және «Хабар» телеарнасының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Партияаралық диалог – спикерлерге қойылатын нақты регламенті мен айқын міндеті бар, 4 раундтан тұратын бірегей пікірталас форматы.

Диалогқа Қазақстандағы 7 партия атынан 14 спикер қатысты. Олар модераторлар мен қарапайым қазақстандықтардың сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа Конституция жобасына қатысты өз ұстанымдарын білдірді.

Спикерлер Тәуелсіздік пен ұлттық бірлікті Конституция деңгейінде бекіту, Парламент бақылауын күшейту, білім мен ғылымды дамыту басымдығы, әлеуметтік кепілдіктер, меншік құқығын қорғау, мемлекеттің экологиялық жауапкершілігі, азаматтардың цифрлық құқығы және негізгі шешімдер қабылдау кезіндегі жалпыхалықтық референдумның рөлі сынды бірқатар мәселені талқылады.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым жаңа Конституция жобасының 3-бабына қатысты сұраққа жауап бере отырып, бұл бапта алғаш рет конституциялық деңгейде мемлекеттің стратегиялық қызмет қағидаттары – Тәуелсіздікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық диалогты дамыту, адам құқығы, ғылым мен білім басымдығы бекітілгенін мәлімдеді.

«Жаңа Конституцияның 3-бабы туралы айтқан кезде, біз мемлекеттік саясаттың іргетасы туралы ой қозғаймыз. Бұл жай ғана құндылықтар тізімі емес, ол – құқықтық бағдар. Заңдар мен биліктің барлық тармағының шешімдері соған сәйкес келуге тиіс», деді Айдос Сарым.

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ жаһандық трансформациялар мен технологиялық өзгерістер жағдайында Конституцияны жаңғырту қажет екеніне назар аударды. Оның айтуынша, Ата Заңды жаңғырту – мемлекеттің құқықтық тұрғыда дамуының қисынды кезеңі.

«Конституцияны жаңғырту – құқықтық тұрғыда дамудың табиғи әрі қисынды көрінісі. Жаңа жоба демократиялық институттарды нығайтуға және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған», деді Үнзила Шапақ.

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев жаңа Конституция жобасы мемлекет дамуының адамға бағдарланған моделін бекітетінін айтты. Соған сәйкес, мемлекет адамға қызмет етуге тиіс.

«Жаңа Конституцияда адам капиталы жер қойнауы мен табиғи ресурстардан маңызды екені бекітілді. Бұл білім мен ғылымды дамыту және азаматтардың тұрмысын жақсарту мәселесі мемлекеттің тікелей міндетіне айналатынын білдіреді», деді Серік Егізбаев.

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Жигули Дайрабаев Конституцияға өзгерістер енгізудің жаңа тәртібіне – жалпыхалықтық референдум арқылы шешім қабылдау мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды.

«Енді тек жалпыхалықтық референдум арқылы ғана Конституцияға өзгерістер енгізіледі. Бұл түпкілікті шешімді халық қабылдайтынын бекітеді», деді Жигули Дайрабаев.

Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция ұзақ мерзімді инвестициялар үшін болжамды орта қалыптастыратынын атап өтті.

«Экономикалық өсім ресурстар көлеміне емес, институттардың сапасына, ережелердің тұрақтылығына және меншік құқығының қорғалуына байланысты болмақ. Жаңа Конституция дәл осы институционалдық негізді бекітеді», деді Айдарбек Қожаназаров.

Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смолякова мемлекет пен бизнес әріптестігінің философиясына тоқталды.

«Конституция мемлекетке және жеке тұлғаға тиесілі меншікті тең қорғауды бекітеді және адал әріптестіктің жаңа қағидаттарын қалыптастырады», деді Екатерина Смолякова.

Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов жаңа Ата Заңның әлеуметтік мәніне назар аударды.

«Жаңа Конституция – мемлекеттің адамға арналғанын мойындауды және әлеуметтік мемлекет болу міндеттемесін алуды білдіреді», деді Магеррам Магеррамов.

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азамат Әміртаев экологиялық жауапкершілікті күшейту мәселесіне тоқталды.

«Қоршаған ортаны қорғау мемлекет пен әрбір азаматтың конституциялық міндетіне айналады», деді ол.

Өз кезегінде, «Байтақ» партиясының мүшесі Тәңірберген Бердоңғаров Конституция мәтініне «Миранда ережесінің» енгізілуін оң бағалады.

«Бұл норманың конституциялық мәртебе алуы үнсіз қалу құқығы мен адвокат көмегіне жүгіну құқығын азаматтарды қорғаудың іргелі кепілдігіне айналдырады», деді Тәңірберген Бердоңғаров.

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының атынан оның төрағасы әрі Мәжіліс депутаты Азат Перуашев сөз сөйлеп, пропорционалды сайлау жүйесіне көшу қадамын қолдады.

«Пропорционалды сайлау жүйесі саяси әртараптандыру мен көппартиялықты дамытуға жағдай жасайды», деді Азат Перуашев.

Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Ақ жол» партиясының мүшесі Дания Еспаева жеке меншікті қорғау мәселесіне назар аударды.

«Мемлекетке және жеке тұлғаға тиесілі меншік тең конституциялық қорғауға ие болады. Ал мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері үшін өтемақы төленуге тиіс», деді Дания Еспаева.

Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рақымжанов жаңа редакция адам өмірінің елеулі бөлігі цифрлық кеңістікке ауысқанын ескеретінін айтты.

«Жаңа Конституцияға сәйкес, цифрлық ортадағы жеке өмір де қорғалады. Адамның жеке деректері оның үйі мен жеке хат-хабарымен бірдей деңгейде қорғауға алынады», деді Асхат Рақымжанов.

Ал оның фракцияласы Нұрлан Әуесбаев отбасы институты мен бақытты балалық шақты қорғауды күшейту мәселесіне тоқталды.

«Отбасы, ана, әке және бала мемлекет қорғауында болады. Бұл – келер ұрпақтың құқықтық кепілі», деді Нұрлан Әуесбаев.

Референдумның қашан өтетіні белгілі болды

Осылайша, партияаралық диалог алаңы жаңа Конституция жобасын талқылауда саяси ұстанымдардың кең ауқымын көрсетіп, көрермендерге елдің алдағы дамуына қатысты негізгі мәселелер бойынша партиялардың көзқарастарын салыстыруға мүмкіндік берді.

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Жаңа Конституция жобасын талдауға арналған партияаралық диалог өтті

Ата заң • Бүгін, 16:10

Қазір Иранда қанша отандастарымыз жүр?

Әлем • Бүгін, 15:23

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

Әлем • Бүгін, 14:50

Дональд Трамп Иранға шабуыл жасаудың себептерін атады

Әлем • Бүгін, 14:23

Александр Вучич қазақстандық арнайы жасақ сарбаздарының жетістіктеріне тәнті болды

Әскер • Бүгін, 13:50

Air Astana Таяу Шығысқа бағытталған рейстерді тоқтатты

Қоғам • Бүгін, 13:45

Жаңа Конституция жобасына қатысты қандай жалған ақпараттар тарады?

Ата заң • Бүгін, 13:28

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Оқиға • Бүгін, 12:57

Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:45

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Дананың сөзі ұраныма айналды

Қоғам • Бүгін, 09:50

Бірлік пен келісім жолындағы миссия

Қоғам • Бүгін, 09:45

Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы

Қоғам • Бүгін, 09:40

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 16:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see124

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

13 Шілде 2026 09:14see121

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

13 Шілде 2026 12:23see117

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

12 Шілде 2026 22:09see117

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

13 Шілде 2026 09:02see116

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

13 Шілде 2026 11:47see116

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see115

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see114

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

13 Шілде 2026 12:30see114

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

12 Шілде 2026 20:32see113

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see112

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see112

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see112

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see110

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see110

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see108

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see108

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see107

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see107

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары