Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Sarap сарапшылары саяси диалогтың жаңа үрдістерін талқылады

Sarap сарапшылары саяси диалогтың жаңа үрдістерін талқылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жезқазған қаласында Қазақстандық қоғамдық даму институты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Азаматтық қоғам және партиялар. Өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын іздеу жолында» тақырыбында  Sarap  сарапшылар клубының аймақтық отырысын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отырыс барысында сарапшылар саяси жаңғыру жағдайындағы азаматтық қоғамның рөлін, оның саяси партиялармен өзара іс-қимылын, қоғамдық диалог пен азаматтық белсенділікті дамытуға ықпалын талқылады. Сондай-ақ электоралдық мәдениет, халықтың саяси үдерістерге қатысуы және қоғамдық сенім деңгейі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, 5 тамыз күні саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен өткен теледебаттарға талдау жасалды. Қатысушылар аталған іс-шараның кең аудиторияны саяси процестерге тартудағы маңызын жоғары бағалады.

Отырысты ашқан ҚҚДИ Институционалдық талдау және реформалар орталығының директоры Риззат Тасым «Азаматтық қоғам бүгінде саяси үдерістердің толыққанды қатысушысына айналды, ал оның саяси партиялармен өзара іс-қимылы жүйелі сипатқа ие болды. Қоғамдық ұйымдар партияларға халықтың сұранысын тереңірек түсінуге, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеруге және азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді. Мұндай әріптестік қоғамдық диалогтың жаңа тетіктерін қалыптастырып, азаматтардың елдің саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді», – деп атап өтті.

 Zertteu Research Institute  ҚҚ директорының орынбасары Алтынай Нұркеева Ұлытау облысы орнықты дамыту жобасын мысалға келтіре отырып, азаматтық сектордың жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылының нақты тәжірибесі туралы айтып берді: «Жоба аясында үкіметтік емес ұйымдардың, депутаттардың, қоғамдық кеңестер мүшелерінің және бастамашыл топтардың қатысуымен жергілікті қауымдастықтардың қажеттіліктеріне бағалау жүргізіліп, олардың бастамалары іске асырылды. Тәжірибе көрсеткендей, жергілікті мемлекеттік органдар мен бастамашыл топтар проблемаларды анықтау кезеңінен бастап, жобаларды іске асыруды мониторингтеуге дейін серіктестік негізінде жұмыс істеген жағдайда жобалардың сапасы артып, халықтың сенімі күшейеді.

Сонымен қатар қоғамдық институттардың жаһандық трансформациясы жағдайында саяси партиялар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тәжірибесін кеңінен дамыту қажет». Спикердің айтуынша, саяси партиялардың бағдарламаларының тиімділігін және мемлекеттік басқару сапасын арттыру үшін азаматтық сектормен бағдарламаларды әзірлеу кезеңінде де, оларды іс жүзінде іске асыру барысында да тұрақты әріптестік орнату маңызды.

Қазақстан Азаматтық альянсының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Әсем Асанханова мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығына тоқталды «Бүгінде жергілікті деңгейде қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтитын көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Бұл ретте ынтымақтастық мәдениетін дамыту айрықша маңызға ие. Үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, мемлекеттік органдар және азаматтық қоғамның басқа да институттары бірлесіп әрекет етуі қажет. Күш-жігерді біріктіру арқылы ғана нақты әрі тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге болады».

«Президенттік реформалардың логикасына сәйкес өңірлік дамудың басты мақсаты – экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру. Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігі, халық пікірін ескеру, кері байланыс тетіктерін дамыту және өңіраралық теңгерімсіздікті азайту азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейіне, соның ішінде электоралдық күн тәртібіне де тікелей әсер етеді. Бүгінде өңірлер мемлекеттік шешімдер қабылдау барысында барынша ескерілуі тиіс қоғамдық сұранысты қалыптастыратын маңызды субъектілерге айналып отыр», – деді өз кезегінде ҚҚДИ Қоғамдық үдерістерді зерттеу орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы Әлия Масалимова. 

Облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлбану Сейтжанова жаңа Конституцияның қабылдануы мен сайлау науқаны аясында азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі кеңінен талқыланып отырғанын айтты.

«Саяси партиялар азаматтық секторды дамыту мәселелерін белсенді түрде көтеріп келеді. Құрылған Қазақстан Халық кеңесі азаматтық бастамаларды ілгерілетуге және қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналады. Сонымен қатар Аналар кеңесі отбасы институтын нығайту, тәрбие жұмысын жетілдіру, тәлімгерлікті дамыту, өмірлік тәжірибе алмасу және қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізуде. Осындай институттар арқылы азаматтық қатысу мен әлеуметтік жауапкершілік мәдениеті қалыптасады», – деді ол.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның және жұмыс топтарының мүшесі Самал Садыкова азаматтық қоғам мен партиялық дамуды нығайтудағы әлеуметтік және инклюзивті жобалардың маңыздылығына тоқталды.

Оның айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға бағытталған бастамалар қоғамдағы жаңа әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

«Ерекше балалардың ата-аналары күн сайын кездесетін кедергілер мен қиындықтарды бәрінен жақсы біледі. Сондықтан мемлекеттік органдар мен саяси партиялар деңгейінде осы саланы дамытуға және қолдау көрсетуге қатысты кез келген шешімдер мен бастамалар міндетті түрде ата-аналардың қатысуымен және олардың пікірін ескере отырып қабылдануға тиіс. Бұл қоғамның ерекше қажеттіліктері бар адамдарды толыққанды азамат ретінде қабылдауына ықпал етеді», – деді Самал Садыкова.

Отырыс қорытындысы бойынша, қатысушылар мемлекет, саяси партиялар және азаматтық қоғам институттары арасындағы тиімді әріптестікті одан әрі дамыту қоғамдық сенім мен саяси мәдениетті нығайтудың негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті. Сарапшылар пікір алмасуға, ортақ шешімдер әзірлеуге және қоғамдық-саяси үдерістерге азаматтардың қатысу тетіктерін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсынымдар қалыптастыруға мүмкіндік беретін осындай диалог алаңдарын тұрақты түрде өткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 17:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары