Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемге танытудағы басты мақсатын айтты
Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Мемлекет басшысы алдағы уақытта да халықтың тұрмысын жақсарту үшін табанды еңбек ету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты тереңдетіп, Қазақстанға келетін инвестиция көлемін ұлғайту міндетіне тоқталды.
"Өздеріңізге мәлім, мен мемлекетіміздің басшысы ретінде халықаралық жиындарға жиі қатысып, көптеген елдердің көшбасшыларымен, инвесторлармен кездесулер өткізіп жүрмін. Астанада да жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізіп, мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөздер жүргізіп жатырмын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент осы жұмыста көздеген мақсатын түсіндірді.
"Алдымда тұрған мақсат – айқын: бұл – Қазақстанды орта держава ретінде бүкіл дүние жүзіне мейлінше кең ауқымда паш ету, тарихымыз бен мәдениетімізді халықаралық қауымдастық деңгейінде дәріптеу, мемлекетіміздің мүддесін қорғау және еліміздің әлеуетін жан-жақты насихаттау. Басқа ойым жоқ. Сондықтан мұның бәрін бүкіл халқымыздың мақсаты деп күмәнсіз айтуға болады", – деді Мемлекет басшысы.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Мирошник Батыстың Украинадағы басты мақсатын атады
30 Тамыз 2026 10:21
Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты
29 Мамыр 2026 17:01
Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат
20 Маусым 2026 13:12
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты
06 Мамыр 2026 10:51
Көрілімдер:96
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 11:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















