Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жақында ол блогерлер әлеміндегі «Оскар» саналатын WIBA Awards халықаралық сыйлығында «Әлемнің үздік тревел-блогері» атанды. Бүгінде Дастан әлемге танымал контент авторлары Joe Hattab пен MegaAmerican-мен бірге Қазақстанның көрікті мекендерін аралап, еліміздің табиғи байлығын миллиондаған шетелдік көрерменге көрсетіп жүр. Түсірілім сапары барысында Qazaq Culture порталына эксклюзивті сұхбат беріп, Қазақстан табиғатының ерекшелігі, бір минуттық бейнероликтің артындағы еңбек, отандық туризмнің мүмкіндіктері және алдағы шығармашылық жоспарлары туралы әңгімеледі.

– Шетел жұртшылығының Қазақстанға деген қызығушылығы қандай?

– Меніңше, шетелдік көрермендерді ең алдымен Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі таңғалдырады. Өйткені біздің елімізден Швейцарияны еске түсіретін асқар тауларды да, Боливиядағыдай тұзды көлдерді де, Сауд Арабиясына ұқсайтын шөлдерді де, Америкадағыдай алып каньондарды да кездестіруге болады. Қазақстанның өзін ғана көрсете отырып, бүкіл әлемнің табиғатын таныстырып жатқандай әсер қалдырасың. Шетелдік аудиторияны таңғалдыратын да – осы ерекшелік.

Сонымен қатар мен табиғатты жай ғана түсіріп, көрсетумен шектелмеуге тырысамын. Әр бейнероликке шығармашылық тұрғыдан қарап, көрерменге таныс көріністерді өзгеше ракурстан, тың идея мен ерекше визуалдық шешімдер арқылы ұсынғым келеді. Осындай креативті тәсілдің нәтижесінде шетелдіктердің Қазақстанға деген қызығушылығы артып, елімізге келуге ниет білдіріп жатады. Бейнероликтерімді әлемнің әр түкпіріндегі танымал парақшалар жариялап, миллиондаған адам тамашалап жүр. Бұл – Қазақстанды халықаралық аудиторияға танытудың үлкен мүмкіндігі.

– Жақында сіз WIBA Awards халықаралық сыйлығында «Әлемнің үздік тревел-блогері» атандыңыз. Бұл марапат сіз үшін нені білдіреді?

– WIBA Awards марапатының мен үшін орны бөлек. Бұл сыйлық сегіз жылдан астам уақыт бойы әлемнің үздік блогерлеріне табысталып келеді және блогерлер арасындағы «Оскар» саналады. Оның Францияның Канн қаласында, әйгілі Канн кинофестивалімен қатар өтуінің өзі марапаттың деңгейін көрсетеді. Ол жерге әлемнің түкпір-түкпірінен танымал тұлғалар мен үздік контент авторлары жиналады.

Сондықтан бұл марапатты өз саламдағы ең үлкен жетістігім деп есептеймін. Мен актер немесе әнші емеспін, кино саласындағы «Оскарға» үміткер бола алмаймын. Ал тревел-блогинг бағытында WIBA Awards – мен үшін ең биік белестердің бірі.

Мені ерекше қуантқаны – әлеуметтік желідегі аудиториямның көлемі екі миллионға да жетпесе де, ондаған, тіпті жүздеген миллион аудиториясы бар әлемдік блогерлермен бір деңгейде бағалануым. Мысалы, жалпы аудиториясы 300 миллионға жуық Хаби Лейм сияқты танымал тұлғалармен бірге марапат алу – үлкен мәртебе. Бұл мен үшін ғана емес, Қазақстанды әлемге танытуға бағытталған еңбектің бағалануы деп білемін.

⁠– Осы уақытқа дейін түсірілген аймақтардың ішінде жүрегіңізге ерекше жақын мекен бар ма? Сондай-ақ ел назарынан қағыс қалып жүрген, бірақ әлемдік деңгейде насихаттауға лайық қандай өңірлерді атар едіңіз?

– Бұл сұраққа әр сұхбатта әртүрлі жауап беріп жатамын. Өйткені Қазақстанды аралаған сайын әрбір өңір мен әрбір мекен мен үшін жаңа қырынан ашылады. Дегенмен көп ойланбастан, жүрегіме ерекше жақын үш бағытты атасам, ең алдымен Маңғыстауды айтар едім.

Маңғыстауға жасаған соңғы сапарымыздан бері небәрі үш күн ғана өтті. Соған қарамастан, бұл өңірді мүлде жаңа қырынан танып үлгердім. Тіпті Қазақстан тұрғындары ғана емес, әлем жұртшылығы да әлі біле бермейтін ерекше жерлерді аштық деп айтуға болады. Маңғыстаудың әр сапар сайын басқа қырынан көрінуі мені таңғалдырады.

Екінші ерекше мекен – Катонқарағай. Меніңше, оның табиғаты Швейцариядан артық болмаса, кем түспейді. Бұл өңірде адам аяғы жете бермейтін, бастапқы қалпын сақтаған табиғи аймақтар көп. Сондай-ақ Азиядағы ең үлкен әрі ауқымды сарқырамалардың бірі де осы жерде орналасқан. Егер Катонқарағайға жазда, шілде айының басында барсаңыз, қарлы тау бөктеріндегі жайқалған гүлдер мен алуан түске боялған жоталарды көресіз. Сол сәтте тұтас бір көркем картинаның ішінде жүргендей әсер аласыз.

Үшінші бағыт ретінде Алматы өңірінің табиғатын атар едім. Бұл аймақ өзінің сан қырлылығымен ерекшеленеді: мұнда асқар таулар да, шөлді алқаптар да бар. Мәселен, әйгілі Әншіқұм бар. Ал Тянь-Шань тауларына қарай бет алсаңыз, Нарынқол өңіріне жетесіз. Сол маңда Қазақстанның ең биік нүктесі – Хан Тәңірі шыңы орналасқан.

Ал көпшілік біле бермейтін мекендерге келсек, Жетісу Алатауындағы Үшкөлді ерекше атап өтер едім. Бұл жер туралы түсірген бейнеролигім әлеуметтік желідегі парақшамда сегіз миллионнан астам қаралым жинады. Үшкөлге жету өте қиын, сондықтан ол жаққа адам аяғы сирек барады. Өзім де оған дейін бұл мекенді еш жерден көрмеген едім.

Тағы бір әлемдік деңгейде насихаттауға лайық жер – Маңғыстаудағы Қарынжарық ойпаты. Оған да соңғы сапарымызда бардық. Табиғаты Боливиядан артық болмаса, кем емес. Мұнда тұзды алқаптармен қатар, әсем каньондар мен ерекше табиғи бедерлер үйлесім тапқан. Сол көріністердің арасында тұрған кезде мүлде басқа әлемге тап болғандай әсер аласың. Меніңше, осындай жерлерді халықаралық аудиторияға кеңінен таныстыру қажет.

– Әр табиғи мекеннің өзіне тән «алтын уақыты» болады деп жиі айтасыз. Сол сәтке дөп түсу үшін қалай дайындаласыз? Бір минуттық бейнероликтің артындағы жұмыстың көпшілік біле бермейтін қызығы мен шыжығы неде?

– Қазақстанды толық үш рет аралап шықтым деуге болады. Соның арқасында қай мекенге қай уақытта барған дұрыс екенін тәжірибе арқылы біліп, сапарды алдын ала жоспарлаймыз. Оқырмандарым да көп көмектеседі. Күніне кемінде 50-ге жуық хабарлама келіп, белгілі бір жерде қай уақытта қандай табиғи құбылысты көруге болатынын айтып жатады. Сол ұсыныстар арқылы жаңа локациялар тауып жүрміз.

Бір минуттық бейнероликтің артында үлкен командалық жұмыс тұрады. Кейде таудың биіктігін немесе мекеннің ауқымын көрсету үшін биік әрі қауіпті жерлерге шығуға тура келеді. Көрермендер видеоны көріп алаңдап жатады, бірақ кадр сыртында қауіпсіздігімді қамтамасыз ететін адамдар болады. Мысалы, Семейдегі «Pana» қонақүйінің шатырына шыққан видеоны түсірген кезде, артымда үш адам қауіпсіздігімді қадағалап тұрды.

Дронмен түсірудің де өз қиындығы бар. Қатты желде немесе ағаштардың арасымен ұшырған кезде техника сынып, құлап қалуы мүмкін. Осы уақытқа дейін 20-дан астам дронды құлатып немесе жоғалтып алдық. Сондықтан қысқа ғана бейнероликтің артында көп дайындық, тәуекел және үлкен еңбек жатыр.

– Еңбек жолыңызды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастадыңыз. Педагогикалық тәжірибе аудиториямен байланыс орнатуға және контент жасауға әсер ете ме?

– Әрине, педагогикалық тәжірибемнің әсері өте үлкен. Ол аудиториямен дұрыс байланыс орнатуға, сторис пен рилске мәтін жазғанда грамматикаға мән беруге және ойымды оқырманға анық әрі толық жеткізуге көмектеседі.

Кейде әлеуметтік желіде аудиториясы үлкен болғанымен, сауатсыз жазатын блогерлерді кездестіремін. Ешкімді сынағым келмейді, бірақ мұндай дүниелерді көргенде қынжылып қаламын. Себебі көпшілікке контент ұсынатын адам тілдің сауаттылығына да жауапкершілікпен қарауы керек деп ойлаймын.

– Сіздің ойыңызша, табиғаты көркем, тарихы бай өлкелерімізге туристерді барынша тарту үшін ең алдымен неге көңіл бөлінуі керек?

– Меніңше, туристерді тартудың ең тиімді құралы – әлеуметтік желі. Бүгінде адамдар басқа елдер мен көрікті жерлер туралы ақпаратты көбіне телефон арқылы көреді. Сондықтан Қазақстанның табиғатын ерекше форматта көрсетіп, көпшілікке тез тарайтын сапалы контент түсірудің өзі үлкен жарнама бола алады.

Міндетті түрде күрделі жарнама науқанын жасаудың қажеті жоқ. Әдемі табиғатты өзгеше ракурстан көрсетіп, оны әлеуметтік желіде кең тарайтын контентке айналдырса жеткілікті. Соңғы үш жылда елімізге келетін туристер санының бес есе артқаны да Қазақстанға деген қызығушылықтың өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Ендігі маңызды мәселе – келген қонақтарға жайлы жағдай жасау. Ол үшін қонақжайлығымызды танытып, туристік инфрақұрылымды дамыту қажет. Сонда туристер елімізден жақсы әсер алып, қайта оралғысы келеді.

– Бір сөзіңізде Қазақстан табиғатының шамамен 30 пайызын ғана көрсете алдым деген едіңіз. Алдағы уақытта қай өңірлерде түсірілім жасауды жоспарлап отырсыз? Егер Қазақстанды әлемге бір минуттық бейнеролик арқылы таныстыру қажет болса, көрерменге қандай кадрларды ұсынар едіңіз?

– Қазақстанды бір минуттық бейнероликке сыйғызу өте қиын. Өйткені еліміздің аумағы кең, табиғаты мен жер бедері сан алуан. Бір ғана ролик арқылы тауларды, далаларды, шөлдер мен каньондарды толық көрсету мүмкін емес.

Алдағы уақытта баруды жоспарлап жүрген жерлердің бірі – Ақтөбе облысындағы Ақтолағай борлы таулары. Табиғаты жағынан оны Маңғыстаудағы Бозжыраға ұқсатады. Сонымен қатар Катонқарағайдың Мұзтау бағытынан бөлек, Риддер өңірінің де табиғаты өте көркем екенін жиі естимін. Кейбір блогерлер ол жақта аюларды түсіріп жүр. Болашақта Риддерге барып, жабайы табиғатты дрон арқылы түсіргім келеді.

Торғай өңірі де сырт көзге жазық дала болып көрінгенімен, өзіндік ерекше табиғаты бар мекен. Ұлытау да назар аударуға лайық. Бұл өңірге туристерді тек табиғатымен ғана емес, тарихи орындарымен, соның ішінде Жошы хан кесенесі арқылы да қызықтыруға болады. Ал Қазақстанды бір минутта таныстыру қажет болса, еліміздің табиғи алуан түрлілігі мен бай тарихын қатар көрсететін кадрларды таңдар едім.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Маусым 2026 13:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары