Жаңадан салынған кейбір нысандардың сапасы сын көтермейді Тоқаев
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
23 қыркүйекте Астанада Халық кеңесінің алғашқы сессиясы ашылды. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, құрылыстар сапасына тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент мемлекет аймақтарды дамытуға тұрақты түрде баса мән беретінін айтты. Бұл – мемлекеттің басты міндетінің бірі.
"Соңғы жылдары осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылды. Еліміздің әр аймағында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, жолдар қарқынды салынып жатыр. Қазақстан тұтастай үлкен құрылыс алаңына айналып келеді. Мұны бәріңіз де көріп-біліп жүрсіздер. Ең бастысы, барлық құрылысты сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру өте маңызды. Кейде жаңадан салынған кейбір нысандардың сапасы сын көтермейді, тіпті, қоғам талқысына түсіп жатады. Осындай салғырт жасалған жұмыстың кесірі қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы да мүмкін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тұрғыдан алғанда, жол саласындағы ахуал да мәз емес екенін айтты.
"Мысалы, "Талдықорған – Өскемен" күре жолының ашылғанына көп уақыт өтпесе де, тоза бастаған. Сондықтан, жол сапасын бағалау жүйесін қайта қарау керек. Құрылыс жұмысын басынан аяғына дейін қатаң қадағалау қажет. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" мекемесінің қызметін күшейту керек. Жалпы, осы салаға түбегейлі реформа жасаған жөн", - деді Президент.
Мемлекет басшысы қоғамдық бақылауды күшейту қажет екенін айтты.
Айта кетейік, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәліметінше, 2026 жылы ел бойынша 20,4 миллион шаршы метр тұрғын үй, яғни 188 мың пәтер салу жоспарланған. Биылдың алғашқы сегіз айында 11,3 миллион шаршы метр немесе 105,9 мың тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл - жылдық жоспардың 55,3 пайызы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 12:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















