Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Оралда тұрғындар жаңадан салынған үйге неліктен кіре алмай отыр

Оралда тұрғындар жаңадан салынған үйге неліктен кіре алмай отыр

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған бейнежазбадан мәлім болғанындай, С.Камалов көшесі 16-мекенжайда көппәтерлі тұрғын үй бой көтерген.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, «Дамустройинвест» құрылыс компаниясы рұқсаттама талонын алып, сондай-ақ жарық, газ, кәріз желілеріне қосылуға қажетті барлық келісімді алғаннан кейін құрылысты жүргізген.

Үй толықтай салынып біткен, инженерлік желілерге қосылған және пайдалануға беруге дайын.

Алайда, соған қарамастан, қазіргі таңда Орал қаласының әкімдігі мен БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы нысанды пайдалануға қабылдауға рұқсат беруден бас тартты.

- Соның салдарынан үлескерлердің, яғни өз пәтеріне ақшасын толық төлеген азаматтардың құқықтары бұзылуда. Салынған нысан жанында тұратын бір көршінің бастамасымен сотқа арыз түсіріліп, соның нәтижесінде үй заңсыз салынған деп танылды. Бұл шешім елудей отбасының тағдырын қатерге тігіп отыр, олар бар қаражатын осы үйге салған, енді баспанасыз қалу қаупі туындады, - дейді тұрғындар.

Осыған байланысты Kazinform тілшісі мәселенің мән-жайын анықтау үшін БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына арнайы сауал жолдаған еді. 

Басқарма басшысы Әлібек Антазиевтің мәлімдеуінше, төрт қабатты, коммерциялық бөлмелері бар 22 пәтерлік тұрғын үй құрылысы 2024 жылы тамыз айының ортасында басталған. 

Сол жылы қыркүйекте жапсарлас жер телімдерінің иелері құрылыс салушының тарапынан өз құқықтарының бұзылғаны жөнінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына шағымданған. Тексеру қорытындысы бойынша қараша айында олар үйді сүріп тастау жөнінде талап арыз түсірген. 

- Бұзушылықтар анықталған кезде құрылыс бастапқы кезеңде еді. Аталмыш мәселе туындағанын біле тұра, құрылыс салушы жапсарлас жер телімдері иелерімен келіспеушілік реттелгенге дейін үй тұрғызуды уақытылы тоқтатпай, үлескерлер қаржысын тартты. Құрылыс салушыда үлескерлер қаржысын тартуға рұқсат болған жоқ. Аталған нысан бойынша азаматтардың қаржысын тарту заңсыз болып табылады, сондықтан кері қайтарылуы тиіс.

Аталған нысан әлеуметтік немесе қайырымдылық мақсатты көздемейді. Құрылыс салушы пәтерлер мен коммерциялық орындарды сатудан пайда табады, - дейді Ә.Антазиев. 

Оның айтуынша, сот талқысы және сот-құрылыс сараптамасы барысында нысанның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келмейтіні (аталған ауданда екі қабаттан жоғары емес тұрғын үйлер салуға рұқсат беріледі), жақын тұрған ғимараттардан өртке қарсы және санитарлық бос жердің жоқтығы анықталды. 

- Биылғы 30 мамырда Орал қаласының № 2 соты аталған нысанды сүруді құрылыс салушыға міндеттеу туралы шешім шығарды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан үлескерлер қаржысын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс салушылардың тұрғын үйлеріне қаражат салмау жөнінде тұрақты түрде түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді. Сол секілді Тәуелсіздік көшесі 39-мекенжайында төрт қабатты үй ешқандай рұқсат құжаттарынсыз салынған. Бұл заңсыз нысанды сүру жөнінде биылғы 29 қыркүйекте сот шешімі шықты. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Орал қаласы әкімдігі және біздің басқармамен заңсыз салынған құрылыс нысандарын анықтау мақсатында мониторингілік топ құрылып, жұмыс істеуде, - деп қосты Ә.Антазиев. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 40-тан астам нысанда құрылыс талаптары сақталмағанын жазған болатынбыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Строительство в Уральске| Продажа кирпича с заводов| Утеплитель (@damustroyinvest)

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 19:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары