Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Жемісті жеті жыл

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Елзат Ескендірдің Әбіл фильмі Қазақстан атынан Оскар 2027 сыйлығына ұсынылды

Елзат Ескендірдің Әбіл фильмі Қазақстан атынан Оскар 2027 сыйлығына ұсынылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстан киногерлер одағы жанындағы Қазақстанның Оскар комитеті режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмін 2027 жылы өтетін Америка кино өнері және ғылымдары академиясының 99-шы Academy Awards («Оскар») сыйлығына Қазақстан атынан ұсыну туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Картина Best International Feature Film («Үздік халықаралық толықметражды фильм») санаты бойынша ұсынылып отыр.

Қазақстанның Оскар комитетінің құрамына еліміздің төрт кәсіби қоғамдық ұйымының — Қазақстан киногерлер одағының, Ұлттық кино өнері және ғылымдары академиясының, Қазақстан кинематографистер лигасының және Қазақстан киносыншылар қауымдастығының өкілдері кірді. Қазақстан атынан «Оскар-2027» сыйлығына ұсынылатын фильмді таңдау туралы шешім Комитет мүшелерінің өтінім берген картиналарды қарастыру қорытындысы бойынша қабылданды.

«Әбіл» фильмінің оқиғасы 1993 жылы, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Қазақстандағы ауқымды қоғамдық және экономикалық өзгерістер кезеңінде өрбиді. Оқиғаның басты кейіпкері — бүкіл ғұмырын колхозда еңбек етумен өткізген шопан Әбіл. Шаруашылық таратылып, жекешелендіру басталған кезде кейіпкердің үйреншікті өмірі күрт өзгереді. Жылдар бойғы еңбегінің өтеуі ретінде өзіне тиесілі әділ үлесін алуға үміттенген Әбіл жаңа шындықпен бетпе-бет келіп, өз қадір-қасиетін қорғауға мәжбүр болады.

Қарапайым адамның тағдыры арқылы фильм авторлары Қазақстанның жаңа тарихындағы ең күрделі кезеңдердің біріне — бұрынғы өмір салты ыдырап, жаңа экономикалық және қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған уақытқа назар аударады. Әбілдің оқиғасы үлкен өзгерістер дәуіріндегі әділет, адамдық қадір-қасиет, отбасы және адамгершілік таңдау туралы ой қозғайды.

Фильмдегі басты рөлді Ерлан Төлеутай сомдады. Сценарий авторы әрі қоюшы режиссер — Елзат Ескендір. Қоюшы оператор — польшалық кинооператор Йоланта Дылевска.

Қазақстан Оскар комитетінің төрағасы, режиссер Данияр Саламат Комитеттің таңдауына қатысты пікір білдірді:

«Біріншіден, "Әбіл“ — көркемдік тұрғыдан анағұрлым жоғары әрі шынайы фильм. Екіншіден, өз елінің көрермендерінің ықыласына бөленумен қатар, әлемдік додада — халықаралық кинофестивальдерде де өзінің мықтылығын түрлі жүлделер арқылы дәлелдеген туынды. Үшіншіден, "Әбілден“ өзге үміткерлер жанрлық бағыттағы дүниелер болғандықтан, бұл фильм бәрібір өзінің көркемдік болмысымен ерекшеленіп тұрар еді», — деді Данияр Саламат.

Қазақстан Оскар комитетінің мүшесі, кинотанушы Дана Әмірбек басты рөлдегі актердің ойыны мен фильмнің визуалдық шешіміне тоқталды:

«Ерлан Төлеутайдың ойыны фильмнің салмағын көтеріп тұр. Кейіпкерінің ішкі күйін артық сөзге салмай, әсірелемей, барынша табиғи жеткізеді. Йоланта Дылевсканың операторлық жұмысы да осы байыпты режиссурамен қабысады. Фильмнің халықаралық фестивальдерде көрсетіліп, актерлік ойын мен операторлық жұмыстың жоғары бағалануы да "Әбілдің“ өзге жұрттың көрерменіне жат емес екенін аңғартты», — деді Дана Әмірбек.

«Әбіл» фильмінің әлемдік премьерасы Busan International Film Festival халықаралық кинофестивалінде өтті. Кейін картина Азия мен Еуропадағы халықаралық кинофестивальдерге қатысып, бірқатар жүлдеге ие болды.

Францияда өткен Vesoul International Film Festival of Asian Cinemas фестивалінде «Әбіл» бірден үш жүлдені — Grand Jury Award, Critics’ Jury Prize және NETPAC Jury Prize марапаттарын иеленді. Басты рөлді сомдаған Ерлан Төлеутай Bishkek International Film Festival және Silk Road International Film Festival халықаралық кинофестивальдерінде үздік ер адам рөлі үшін марапатталды. Сондай-ақ картина Дананг пен Даккада өткен халықаралық кинофестивальдерде жүлделерге ие болды.

Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының базасында түсірілген. «Әбіл» 2026 жылдың маусым айында Қазақстан кинотеатрларында кең прокатқа шықты.

Енді «Әбіл» фильмі 99-шы Academy Awards сыйлығының Best International Feature Film санатындағы номинацияға үміткер ретінде Қазақстанды ресми түрде таныстырады.

Фильмнің «Оскар» бәйгесінің келесі кезеңдеріне өтуі туралы түпкілікті шешімді Америка кино өнері және ғылымдары академиясы сыйлықтың қолданыстағы регламентіне сәйкес қабылдайды. 

Айта кеткен жөн, бұған дейін де Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі әлемдік кинофестивальге ұсынылғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:41
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 11:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see106

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see106

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see106

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see105

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see104

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see104

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see103

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see103

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see102

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see102

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see102

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see101

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see101

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see101

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see100

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see100

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see100

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see99

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see98

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары