Аймақтардың үні естіледі: Тоқаев Халық Кеңесінің маңызды рөлі туралы айтты
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесі қоғамдық кеңестермен жүйелі ынтымақтастық орнатып, елдегі қоғамдық бақылауды күшейтуі тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.
"Бірақ қоғамдық кеңестерде мұндай байланыс та, тәжірибе де болмаған. Сондықтан біз алғаш рет Халық Кеңесі арқылы осы жұмысты қолға аламыз. Елдік мәселелер талқыланған кезде қоғамдық кеңестердің мүмкіндіктерін толық пайдалану қажет", - деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, осы орайда қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру керек. Ал Халық кеңесі қоғамдық кеңестермен тұрақты байланысты жолға қойып, оларға арналған жан-жақты қолдау шараларын қарастыруы қажет.
"Үкіметке Қазақстан Халық Кеңесімен бірлесіп, мұндай құрылымдардың кәсіби әлеуетін арттыру жолдарын пысықтауды тапсырамын. Тағы бір маңызды мәселе – қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. Бұл – Кеңес қызметінің негізгі бағытының бірі", - деді Президент.
Дегенмен Қасым-Жомарт Тоқаев қазір елімізде қоғамдық бақылауды жүргізудің бірыңғай және нақты тәртібі немесе біртұтас жүйесі жоқ екенін айтты.
"Бұл жұмысты бағалаудың ортақ өлшемдері де әзірленбеген. Халық Кеңесі қоғамдық бақылау саласын жүйелеп, оны ретке келтіруге атсалысуы керек. Бұл жұмысқа тәуелсіз сарапшылар мен кәсіби мамандарды көбірек тартқан жөн", - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан халқы ассамблеясының бірегей тәжірибесі ешқашан тарих қойнауына кетпейді - Тоқаев
Халық кеңесі дегеніміз не?Қазақстан Халық кеңесі - Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік-кеңесші орган. Оның міндеті - мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қоғамның қатысуын қамтамасыз ету.
Кеңес құрамына 126 адам кірді:
этномәдени бірлестіктердің 42 өкілі; қоғамдық бірлестіктер мен басқа да коммерциялық емес ұйымдардың 42 өкілі; Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінің 42 өкілі.Халық кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды. Олар қоғамдық негізде жұмыс істейді.
Халық кеңесінің құзіреті:
ішкі саясат бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу; Құрылтайға заң жобаларын енгізу; жалпыхалықтық референдум өткізуге бастамашылық жасау; қоғамдық талқылаулар мен тыңдаулар өткізу; қоғамдық бақылауға қатысу; Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ұйымдастыру.Халық кеңесінің жоғары басқарушы органы сессия болып саналады. Сессиялар аралығында басшылықты кеңестің төралқасы жүзеге асырады. Ұйымдастырушылық және талдау жұмыстарын мемлекеттік орган мәртебесіне ие хатшылық қамтамасыз етеді.
Халық кеңесін кім басқарады?23 қыркүйекте өткен бірінші сессияның алғашқы отырысында Президент Ерлан Қошановтың кандидатурасын Халық кеңесінің төрағасы қызметіне ұсынды.
Кейіннен кеңес мүшелері жасырын дауыс беру арқылы Қошановты төраға етіп сайлады. Дауыс беруге Халық кеңесінің барлығы 121 мүшесі қатысты: оның кандидатурасын 120 адам қолдап, біреуі қалыс қалды.
Төраға төрт жылдық мерзімге сайланады. Ешкім бұл қызметті екі мерзімнен артық атқара алмайды.
Төраға кеңес жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның сессияларын шақырады, күн тәртібін қалыптастырады, сессия мен төралқа отырыстарына төрағалық етеді, регламентті бекітеді және Халық кеңесінің атынан сөйлейді. Сондай-ақ ол кеңес мүшелерінің арасынан өз орынбасарларын тағайындайды. Олар ротация принципі бойынша екі жыл қызмет етеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 12:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















