Халық кеңесінің заң шығарудағы рөлі қандай?
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған еліміздегі саяси-конституциялық реформалар аясында мемлекеттік құрылымдарды жаңғырту жұмыстары ауқымды жүргізіліп жатыр. Бұл еліміздің жаңа даму дәуіріне аяқ басқанының дәлелі. Дамыған елдердің бір белгісі – әр жағдайда реттеушілік қасиеті жоғары, орындалуы да күшті заң жүйесінің болуы, яғни Ата заңға байланысты бәріміз жаңа конституциялық мәдениет қалыптастыруға, жаңаша өмір сүруді қалыпқа айналдыруға тиіспіз», деді Наурызбай Байқадамов.
Ректор өз сөзінде елімізде саяси жаңғыру арқылы әрбір саналы азаматтың мемлекеттік шешімдер қабылдауға атсалысу құқығы жетілдіріліп келетінін атап өтті. Ол конституциялық мәртебесі бар жаңа құрылым – Қазақстан Халық Кеңесі биліктің халықтық сипаттарының адамзаттық тағлымы мен тәжірибесін жинақтай алатын құрылым болатынына сенім білдірді.
«Қазақстан Халық Кеңесінің заң шығару процесінде Құрылтайға заң жобаларын енгізу және референдум өткізуге бастамашылық жасау арқылы әділеттілікке деген сенімді арттырудағы орны маңызды. Қоғамдық дамудың негізгі бағыттары бойынша зерделеніп, сарапталған ұсынымдар негізінде заң жобаларын дайындауға атсалысады. Сол арқылы бұқара халық пен билік арасындағы байланысты үнемі жетілдіріп отыруға күш салады. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелер кеңесте көтерілген мәселелерді қарауға міндеттеледі. Қоғамдық келісім, ұлттық бірлік және өзара татулықты нығайтудың мәселелерін әрқашан күн тәртібінен түсірмейді. Қазір қолға алынған жүйелі жұмыстар болашаққа бағдарланған саяси мәдениетті дамытуды мақсат тұтады. Әділетті Қазақстанға барынша жақындауымыздың жауапкершілігін Халық Кеңесі абыроймен көтереді деген үміттеміз», деді Наурызбай Байқадамов.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 16:02 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















