Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Әлемдік экономика жүйесіндегі Қазақстанның рөлі қандай?

Әлемдік экономика жүйесіндегі Қазақстанның рөлі қандай?

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жаһандық тәртіп жаңа сипат алып, үйреншікті жүйе өзгере бастады. Сауда жолдарының бағыты ауысып, тиімді баламаға бәсеке артты. Осы талас-тартыста тәуелсіз Қазақстанның сенімді серіктес ретінде бәсі жоғары. Шығыс пен Батысты жалғайтын жол ғана емес, жаңа заманның жаңа технологияларына қажетті сирек минералдар көзі ретінде де маңызы зор. Аумалы-төкпелі заманда қалыптасып жатқан жаңа жаһандық экономикалық жүйедегі Қазақстанның рөлі қандай?

Бұл Халықаралық валюта қорының бас штабы. Қазақстанның әлеуетін мұқият бақылайтын орындардың бірі осы.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары ел экономикасы тұрақты түрде өсіп, инфляция бәсеңдеп келеді. Аймақтағы ең орнықты нарық ретінде де Қазақстан өз деңгейін сақтап тұр.

– Халық саны: 20,6 млн адам

– ЖІӨ: ≈ 288 млрд АҚШ доллары

– ЖІӨ жан басына шаққанда: ≈ 13 991 доллар

Дереккөз: World Bank (2024)

Халық саны 20 миллионнан асып келеді. Жалпы ішкі өнім мөлшері 300 миллиард АҚШ долларына жуықтады. Жан басына шаққанда Орталық Азиядағы ең жоғарғы көрсеткішті беріп тұр. Ел экономикасының портретіне қарап, тек мұнай экспорттаушы ел емес, дамып келе жатқан нарық және логистика мен шикізат саласындағы маңызды ойыншы деген мәртебеге де ие екенін байқаймыз.

Транскаспий дәлізіндегі контейнерлік ағын :

• 2022 жылы: 33 000 TEU

• Қазіргі өткізу қабілеті: ~80 000 TEU

• Жаңғыртудан кейінгі әлеует: ~130 000 TEU

Дереккөз: EBRD / EY

Әсіресе Қазақстан үшін негізгі жобалардың бірі – Транскаспий дәлізінің жаһандық маңызы артып келеді. Қытай мен Еуропаны Қазақстан, Әзербайжан, Грузия мен Түркия арқылы жалғайтын сауда бағытындағы жүк айналымы да өсе түскен. Аймақ елдері порттарды, теміржол инфрақұрылымын және цифрлық жүйелерді жаңғыртып, бағыттың жылдам әрі сенімді болуына күш салып жатыр. Бұған тіпті АҚШ та мүдделі болып отыр.

Ричард Хогланд, америкалық дипломат, Caspian Policy Center басқарма төрағасы:

- Қазір Орталық Азия – Каспий теңізі – Оңтүстік Кавказ бағытына ден қойылып жатыр. Бұл бағыт бұрын аса маңызды болмайтын. Алайда Украинадағы қақтығыс оның қажеттілігін арттырып отыр. Тек байланыс пен сауда саласының көпірі ғана емес, АҚШ назарын өзіне бұра алатын құрал да бола алады. Себебі АҚШ-пен ынтымақтастықты арттырғысы келетіндер көп-ақ. Бәрінің орайы келе бермеуі мүмкін. Ондайда мемлекеттер бірігіп, осындай жобалар арқылы маңызын арттырып, өзіне қарата алады.

Ал Қытай АҚШ-ты екі орап кетіп отыр. 2024 жылғы Орталық Азиямен сауда айналымы 100 млрд долларға жақындады. Оның жартысына жуығы Қазақстанның еншісінде. Бұл сауда дәлізінің балама бағытын іздеген Бейжіңнің де, Брюссельдің де мүддесіне сай.

Алайда тараптар логистикамен шектелмей, еліміздегі пайдалы қазбаларға, соның ішінде сирек элементтерге көз тігіп отыр. Жасанды интеллектінің жаһандық жарысына түскен Вашингтон да Бейжіңнің соңында қалмас үшін сирек шикізаттың өзге де көздерін іздей бастады.

Tau-Ken Samruk пен Cove Capital бірлесе жүзеге асыратын вольфрам өндірісі – бұған жарқын мысал. Миллиард доллардан асатын инвестиция осы металдың әлем бойынша ең ірі өндіріс орындарының бірін ашуға жұмсалмақ.

Марк Менезес, АҚШ энергетика қауымдастығының президенті:

- Қазақстан АҚШ үшін маңызды әріптеске айнала алады. Ол сирек жер металдарын өндіріп, экспорттап және болашақта оларды өз ішінде терең өңдеуге де қабілетті дер едім. Бұл АҚШ-қа да, оның одақтастарына да қажет, өйткені әлем ұзақ уақыт бойы бірнеше ғана елге шамадан тыс тәуелді болып келді. Пандемия кезеңінен кейін көптеген мемлекет стратегиялық ресурстарды сенімді әрі тұрақты серіктестерден алу керектігін түсінді. Жасанды интеллект те оған тәуелділікті айқын көрсетіп отыр. Осы жағдайда Қазақстан – жаңа әрі сенімді балама бағыт. Екі ел арасындағы серіктестік тек шикізат жеткізуге емес, электр желілері, қауіпсіздік, жаңа технологиялар және ұзақмерзімді тұрақты жеткізу тізбектерін құруға негізделуі керек.

Әлемдік сауда жүйесінің бағыт-бағдарын ондаған жылдар бойы сызып келе жатқан АҚШ астанасында Қазақстанға деген көзқарас та өзгеріп келеді. Жаңадан қалыптасқан жаһандық жүйеде біз шалғайда жатқан мұнай көзі емес, Еуразиядағы тың логистика мен энергетикалық модельді қалыптастыра алатын ойыншы ретінде бағаланып отырмыз. Астананың бұл мүмкіндікті қалай пайдалана алатыны Вашингтонда қабылданатын шешімдерге де, Арқа төріндегі реформалардың нәтижесіне де байланысты болмақ.

Авторлары: Ердана Ержанұлы, Эндрю Фанг

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:324
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 20:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары