Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

АҚШ сарапшысы Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңашылдықтарды бағалады

АҚШ сарапшысы Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңашылдықтарды бағалады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АҚШ-тағы The Atlantic Council’s Eurasia Center-дің штаттан тыс ғылыми қызметкері, Еуразия жөніндегі сарапшы Марк Темницкий Kazinform агенттігінің тілшісіне осылай деп пікір білдірді.

Сарапшының сөзінше, бұл жаңашылдықтар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп келе жатқан ұзақмерзімді реформалар бағытымен толық үндеседі.

Марк Темницкий бір палаталы Құрылтай шешім қабылдауды оңайлатып, элиталардың ықпалын азайтатынын айтады. Мұндай құрылым президенттік басқару жағдайында заң жобаларының жылдам қабылдануына жол ашады.

Оның айтуынша, мұндай модель Скандинавия елдеріндегі (Дания, Финляндия, Исландия, Норвегия, Швеция) және Түркиядағы табысты бір палаталы парламенттер тәжірибесіне негізделген. Бұл Қазақстанның унитарлық құрылымына сай келеді әрі «Құрылтай» ұғымының көшпелі қоғамдағы кеңес құру дәстүрімен мәдени тұрғыда үйлесім табуы маңызды.

Президент тағайындайтын, бірақ парламент бекітетін вице-президент лауазымын енгізу Сенат тарағаннан кейін туындаған институционалдық олқылықты жоюды көздейді. Бұл қызмет халықаралық өкілдік пен парламентпен өзара байланысқа жауап береді. Сонымен қатар, атқарушы биліктің ұжымдық бейнесін қалыптастырып, сыртқы аренада Қазақстанның саяси жүйесін сенімді етіп көрсетеді.

Темницкий бұл қадам көпвекторлы сыртқы саясат жағдайында Қазақстан дипломатиясының әлеуетін арттыратынын жеткізді. Президент өз өкілетін әлсіретпей, бір бөлігін тапсыру мүмкіндігіне ие болады. Мұндай тәжірибе АҚШ немесе Оңтүстік Кореядағы модельдерге ұқсас болғанымен, Қазақстандағы күшті президенттік басқару контексті ескерілген.

– Мұның өзі мемлекеттік басқарудың кемелденгенін көрсетеді және Астананы «C5+1» секілді халықаралық форматтар үшін сенімді еуразиялық серіктес ретінде танытады, - деп атап өтті Марк Темницкий.

Сарапшы Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы Ассамблеясын алмастыратын Халық Кеңесін құру бастамасына да тоқталды. Оның айтуынша, құрамына этномәдени бірлестіктерді, үкіметтік емес ұйымдарды және өңірлік құрылымдарды біріктіретін 126 мүшеден тұратын бұл жоғары кеңесші орган кеңес беру тетіктерін жаңғыртады. Сонымен қатар, Ассамблеяға берілген парламенттегі кепілдендірілген квоталарды алып тастау сайлауға деген халық сенімін күшейтеді.

– Халық Кеңесіне заң шығару бастамасын беру азаматтық қоғамның идеология, ішкі саясат және Конституция мәселелеріне қатысуын күшейтеді. Бұл ұлттық егемендікке нұқсан келтірмей, көпэтносты мемлекеттегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етеді, - деді сарапшы.

Марк Темницкийдің пікірінше, бұл құрылым Ресейдегі жоғарғы палатаға ұқсас болғанымен, Қазақстанда барша қоғам өкілдерінің қатысуына басымдық беріледі.

Сондай-ақ, Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова басқаратын Конституциялық комиссия әртүрлі ұлт өкілдері мен қоғамдық ұйымдарды қосып, конституциялық өзгерістерге кең қолдау табуға жағдай жасайды. Бұл іс жүзінде Конституцияны қайта қараумен тең, ал соңында өзгерістерді референдум арқылы бекіту жоспарланып отыр.

Сарапшы барлық ұсыныстарды біртұтас жобаға біріктіру реформаларға серпін береді деген пікірде. Бұл Чили (2020–2022 жж.) немесе Тунис елдеріндегі сәтті тәжірибелерге ұқсас. Технократиялық негізде құрылған, бірақ кең қоғамдық қатысуды көздейтін бұл тәсіл институционалдық сенімді күшейтеді. Ал бұл «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру және елдегі реформалардың Еуропа тарапынан мойындалуы үшін аса маңызды.

Айта кетейік, Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында Құрылтай төрағасы қазақ тілін жетік білуі керектігін айтты.

Әрі "Құрылтай" деп аталатын Парламентте депутаттардың өкілеттігі 1,5 есеге артады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 14:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары