Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Конституция жобасы: азаматтар пікірі мен ұсынысын e Otinish және eGov порталдары арқылы жіберді

Ата заңның жаңа жобасы таныстырылды

Ұлы Дала ұғымы Конституцияның Преамбуласында пайда болуы мүмкін

Ернар Айдар жол ережесін бұзып, айыппұл арқалады

Жас әйелдің жат еркекпен қылмыңдағанын көтере алмайсың Әзілхан Нұршайықовтың жары

Гүлбану Жақсылыққызы: Адам құқығы жаңа Конституцияның басты басымдығы

Алматыда Ғасыр жасаған Ұлт театры көрмесі ашылды

ШҚО да бір жылда 600 келіден астам есірткі тәркіленді

Конституция жобасына сәйкес, Президент мерзімінен бұрын қызметінен кеткен жағдайда оның өкілеттігін кім өз мойнына алады?

1 ақпаннан бастап дәрігерлер ЭЦҚ қолдануға міндеттеле ме? Министрлік жауабы

Қазақстан жерін шетелдіктерге сату туралы ақпарат ресми түрде жоққа шығарылды

Германияда газ тапшылығы болуы мүмкін

Шорт тректен әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қола медаль еншіледі

Шымкентте ірі әлеуметтік нысандар салынады

Ресей СІМ Украина қауіпсіздігі үшін ең тиімді кепілдікті атады

Спутниктік суреттерден Иранның ядролық нысандары аймағында белсенділік байқалды

Жемқорлыққа қарсы мәдениетті орнықтыру қажет

Чемпиондар лигасы: Қайрат биылғы маусымда қанша табыс тапты?

Парижде өтетін Үлкен дулыға додасына баратын қазақ дзюдошылары белгілі болды

Халық саулығы басты байлығымыз

Халық саулығы басты байлығымыз

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Денсаулық саласына, оның ішінде МӘМС жүйесіне қатысты сын-пікір жиі айтылғанымен, кейінгі бес жылда көңіл қуантарлық нәтижелер де жетеді. Медициналық сақтандырудың ізімен ауқымды реформалар бірінен соң бірі қабылданды. Салаға бөлінген қаражатты барынша тиімді, мақсатты пайдалану арқылы медициналық көмектің сапасын жақсартуға басымдық берілді. Іске асқан жобалардың барлығын бір мақалада қамти алмайтындықтан, біз тек негізгілеріне тоқталғанды жөн көрдік.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

МӘМС жүйесінде қандай өзгеріс бар?

Мемлекет басшысы биыл мін­детті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерді ресми бекі­тіп, құжатқа қол қойды. Бүгінде халықтың 83%-ы сақтандырылған болса, шамамен 3,3 миллион адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Енді заңға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде 2026 жылы шамамен 1 миллион адам МӘМС жү­йе­сі­­­мен қосымша қамтылады. Бұл

шаруа Мемлекет басшы­­сы­­­ның «Әлеуметтік осал са­нат­­­тар­ға жататын азамат­тар үшін медициналық сақ­тан­­­дыру­ға аударымдар жер­­гі­лікті бюджет есебінен тө­ленуге тиіс» деген тапсырмасы­­нан соң үйлесті. Тағы бір жаңа­лық, енді ресми тіркелген жұмыссыз­дар үшін де жарналар жергілікті бюджет есебінен төленеді.

Бұл қадам халықты жұмыспен қам­ту мәселелерінде әкімдіктердің жауапкершілігін арттырады. Облыс әкімдері жұмыс орындарын ашуға, кедейлікті азайтуға, халықты жұмыспен қамтуға қа­тысты белсенді іс-шаралар қа­былдауға бұрынғыдан да ынталы бо­лады. Әйтпесе, бюджет қаражаты есе­бінен сақтандырылатын азаматтар көбейіп, жергілікті әкімдікке салмақ салуы мүмкін.

Бүгінде МӘМС жүйесінде қосымша міндеттемелердің қо­сылуына байланысты жүйенің қар­­жылық жүктемесі күрт өскені бай­қалады. Осыған байланыс­ты мемлекет тарапынан жарна мөл­шерлемелерін кезең-кезеңі­мен арттыру ұсынылды. Яғни 2027 жылы – 2,2%, 2037 жылға дейін 4,7%-ға дейін біртіндеп өсіру ме­же­сі нақтыланды. Бұл ретте жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің жарна мөлшерлемелері өзгеріссіз қалады. Қабылданған заң туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова газетімізге берген сұхбатында: «Заңда негізгі міндеттемелерді Тегін медицина­лық көмектің кепілдік берілген кө­лемі (ТМККК) пакетінен МӘМС жүйесіне кезең-кезеңімен ауыстыра отырып, базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру тетіктері қарастырылған. Бұл қадам 2027 жылға қарай қаржыландыру­дың басым сақтандыру моделі­не көшуге мүмкіндік береді. Мұн­да шығыстардың арақатынасы ТМККК-ге 35%, МӘМС-ке 65% болады. Бүкіл әлемде пакеттерді бөлу­дің мұндай моделі мүмкіндігін­­ше әлеуметтік бағдарланған бо­лып саналады. Алайда қаражат­ты бақылаудың қатаң ережелерін белгілеп, ресурстарды барынша үнемдеу қағидаттарын енгізу арқылы ғана жүйені тиімді ете аламыз», деген еді.

Бұл қадам МӘМС есебінен медициналық көмектің тиімділігін арттыруға септеседі. Сонда меди­цинаға мемлекеттен, МӘМС есе­бінен бөлінген қаржының тиімділігін жұрт анық көреді.

Ауыл медицинасының мүмкіндігі артты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­сыр­ма­сымен 2023 жылы «Ауыл­да ден­саулық сақтауды жаңғыр­ту» ұлттық жобасы басталған еді. Бұл қадам ауыл­дық елді ме­кен­­дерді медициналық-сани­та­р­лық алғашқы кө­мек (МСАК) ұйымдарымен қамта­масыз етіп, шұғыл көмек көрсетуді жетіл­діруге ықпал етті. Сол секіл­ді ауылдағы денсаулық сақтау ны­сан­­дарының кадрлық әлеуетін ны­ғайтуға септігін тигізе бас­тады. Осы мақсатта 1100-ден астам меди­цина қызметкерле­рін даяр­лау міндеті бекітілген-ді. Жоба шеңберінде әу баста 655 медициналық-сани­тар­лық алғашқы көмек нысаны, яғни медициналық, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрі­герлік амбулаториялар салу көз­делген. Сол секілді 32 аудандық орталық аурухананы жаңғыр­ту жұмыстары бекіді. Нақтылай кететіні, осы тап­сырманың бар­лығы биыл жыл соңына дейін аяқ­­та­луға тиіс еді. Бүгінде жоспар­лан­ған 655 нысанның ­645-інің құры­лысы аяқталған. Бұл жос­пар 98% орындалды деген сөз. Оның ішінде 226 нысан бұрын ме­ди­циналық инфрақұрылым бол­ма­ған ауылдарда салынды. Ал 419-ы ескірген ғимараттардың ор­нына бой көтерген. Жоспардағы қалған 10 нысан да келер жылға қалмай пайдалануға беріледі деп мәлімдеп отыр.

Жобаның екінші бағыты бо­йынша инсульт орталығы, пери­наталдық орталық, травматоло­гия, хирургия, медициналық оңал­ту бөлімшелері бар 32 жаң­ғыр­тылған орталық аудандық ауру­­хананы пайдалануға беріледі деп жоспарланса, 14 нысанда жұ­мыс толық аяқталған. Басқа ауруханаларда қайта жаңарту, күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Нәресте өлімі азайды

Биыл елімізде жүкті әйел­дер­­ге мамандандырылған көмек­тің қолжетімділігі кеңейді. Әрі сәбилердің туа біткен даму ке­міс­­тіктерін ерте анықтау жүйесі кү­­шейді. 18 перинаталдық орта­лық­тың базасында «Бір күндік клиникалар» жұмыс істейді. Онда 100 мыңға жуық жүкті әйел 500 мың­­нан астам қызмет алды. Бағ­дарлама­ны іске асыру ұрық­тың туа біткен кемістіктерін анық­тау­­дың 13%-ға өсуіне, пре­на­тал­дық скринингтермен қам­ту­­дың 8%-ға ұлғаюына, даму ке­міс­­тіктерінен нәресте өлімі­нің 15%-ға, даму кемістіктері­нен бастапқы мүгедектіктің 7,5%-ға төмендеуіне әкелген. Осы бағыт­та жоғары технологиялық көмек дамып келеді. Феталдық хирургия енгізілді. Жыл басынан бері 92 жатырішілік операция жасалып, 105 нәресте аман қалған. Сондай-ақ егіз көтерген 79 жүкті әйел сәтті босанған. Уақтылы ма­мандандырылған көмекті қам­­­тама­сыз ету мақсатында 22 об­лыс­тық перинаталдық орта­лық­та Ұрық­ты қорғау орта­лық­тары ашыл­ған. Осындай жұмыс­тар­дың арқасын­да 9 айдың қоры­тындысында, нәрес­те өлімі тарихи ең төменгі деңгей­ге жеткен. 1 мың тірі туған нәрестеге шаққанда – 5,84. Бұл 2024 жылдың сәйкес ке­зеңімен салыстырғанда 19,3%-ға төмен. 10 айда жаңа туған нәрес­телердің өлімі 1 мың тірі туған нәрестеге шаққанда 3,4-тен 3,1-ге дейін төмендеген.

Біліктілік арттыру жылы

Қазір ауыл медицинасының сапасын жақсартудан бөлек, салада медициналық көмекті са­тып алудың жаңа тәсілдерін енгізу, жалпы тә­жірибе дәрігерлері­нің біліктілі­гін арттыру сынды мәселелер де өзекті күйінде қа­лып тұр. Себебі ауылдарда меди­ци­налық нысан­дарды түген­дедік де­генмен, екінші жақта кадр мәселесі ақсап тұрса тағы болмайды. Дамыған медицина­ны білікті кадрларсыз елес­тету тіптен мүмкін емес. Сол тұр­ғыда Денсаулық сақтау ми­нистрі А.Әлназарова учаскелік дә­рі­герлердің құзыретін күшей­ту­ге басымдық бере отырып, өңірлер­ді білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатын­да 2025 жылды Жалпы тәжірибе дәрігерлерінің біліктілігін арттыру жылы деп жариялады. Осы тапсырма шеңберінде практик дәрігерлер мен жалпы тәжірибе мейіргерлеріне қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бекіту міндеті қойылды. Дәрігер, фельдшер, мейіргер, медицина­лық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылар құ­ра­мының білімі мен кәсіби дағ­ды­ларының деңгейін арттыру жө­ніндегі «Кадрлық қолдау: тең­герім және қолжетімділік» ке­шен­ді жоспары әзірленді. Оқы­ту бағдарламалары соңғы меди­ци­налық жетістіктер мен технология­ларды, сондай-ақ заңнамалық, нор­мативтік актілердегі өзгерістерді ескере отырып дайындалған. Әр курс теориялық, негізінен прак­тикалық сабақтарды, сонымен қатар өзін-өзі оқытуды қамтиды. Оқы­тудың жаңа бағдарламасымен үш жылдан аз жұмыс өтілі бар 2,5 мыңнан астам жалпы практика дәрігерлерін қамту жоспарланған.

Бұдан өзге 3,5 мыңнан астам ме­йіргер біліктілігін арттыр­са, ме­дициналық колледждердің 1 600-ден астам педагогі оқумен қам­­тылады. Кадр мәселесіне қа­тыс­ты ауқымды өзгеріс мұнымен шектелмейді. Бұдан былай мед­бикелер дәрігер міндетінің бір бөлігін өзіне алатын болды. Осы өзгеріс медициналық кө­мектің қолжетімділігін, сапасын арттыруға тиіс. Өйткені дәрі­гер­­дің жүктемесі біршама азай­ған соң, олар жағдайы күрделі пациент­терге көбірек көңіл бөле­ді. Пациенттер медбикеге дәрігер­дің көмекшісі ретінде ғана емес, нау­қастарды қабылдайтын толық­қанды маман ретінде жазыла алады. Сәйкесінше, медбике өзі­нің құзыреті шеңберінде диагноз қояды. Анықтамаларды ресімдей­ді, динамикалық бақылау жоспарына қатысты ұсыныстар береді. Осылайша, дәрігерлермен қатар медбикелердің де құзыреті артады.

Фармацевтикада отандық өндірушілер көбейеді

Есте болса, 2024 жылғы 1 шіл­де­ден кейін өндірілген бар­лық дәрі-дәрмектер міндетті түрде таң­балануға тиіс деген талап бекітіл­ген еді. Оған дейін Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды цифр­лық таңбалау, қадағалау жүйе­сін енгізуді бастаған. Бүгінде сол жұ­мыстар түгел аяқталып, таңба­лаудың толық циклі жұмыс істейтін Орталық Азиядағы жалғыз ел болып отырмыз. Tanba тауарларын таңбалау мен қадағалаудың бірың­ғай операторының дерек­теріне сүйенсек, жүйе тұрақты жұмыс істеп тұр. Барлық кезеңде 708 млн-нан астам пакет дәрілік заттар таңбаланған. Оның ішінде былтыр 1 шілдеден бастап өндіріл­ген 661 млн қаптама, нақтыласақ, 399 млн-ы импорттық, 263 млн отан­дық өндірушілер шы­ғар­ған қап­тамалар бар. Қазір айна­лымдағы таңбаланған дәрілік заттардың саны – 530 млн. Оның 312 млн-ы – импорттық, 218 млн-ы – отандық. Таңбалауға қаты­сы жаңа жүйе сатып алу көлемін жоспарлап, цифрландырудың арқа­сында қажеттілікті дәл бол­жау­ға мүм­кіндік береді. Соны­мен қа­тар өнімді нарыққа жедел шы­ғаруды тіркеу жеңілдеп, мер­зімі екі есеге қысқарды. Демек дәрі-дәр­мектер енді айналымға бұрынғыдан ертерек түседі. Дәрі өндірілгеннен кейін елге кірген, дәріханаға жеткен, тұтынушы­­ның қолына тигенге дейінгі аралы­ғы ба­қылауда болады. Заңсыз дәрі-дәр­мек тасымалдаудың жолы кесілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай отан­дық дәрілік заттардың ішкі нарықтағы үлесін 50%-ға дейін жеткізу жөнінде меже қойған еді. Содан бері фармацевтика саласын дамытуға қатысты кешенді іс-шаралар қабылданды. Отандық өндірушілерді қолдауға көңіл бө­лініп, инвестиция салуға ниетті компанияларға жеңілдіктер жасалды. Жалпы, инвестициясыз 2029 жылға дейін Мемлекет басшысы бекіткен межені бағын­дыра аламыз деу қиын. Бүгінде «Pfizer», «Roche», «AstraZeneca» сынды әлемдік фармацевтикалық алып­тармен үш ұзақмерзімді шарт жасалған. Аталған компаниялар шарттық өндіріс тапсырыс берушілері ретінде елімізде өз өнімдерін шығарып, жеткізуді жоспарлап отыр. Былтыр дәрі-дәрмек нары­ғының импортқа тәуелділігі шамамен 85%-ды құ­раған. Отандық өндірістің үлесі 15,1%-ға жуықтаған. Бұл көңіл көншітетін нәтиже емес. Өйткені дәрі-дәрмектің отандық өндірістегі көлемі ұлғаймай, бағасын бақылау қиын.

Былтыр жыл соңында елде 207 фармацевтикалық кәсіпорын тіркелді. Олардың ішінде 43-і дә­рілік заттар өндірісіне, 164-і меди­ци­налық бұйымдар өндірісіне ма­манданған. Енді қабылданып жат­­қан іс-шаралардың арқасында дәрі-дәрмек нарығында өз орны­­­мыз қалыптасуға тиіс. Себе­бі дәрі-дәр­мек өндірісі тек эко­но­мика­лық жағы­нан тиімді қадам ғана емес, ұлт­тық қауіп­сіз­дік дең­­гейіндегі мәселе. Биыл­ғы 10 ай­дың қорытынды­сын­­да фармацев­тикалық сектор кәсіп­орындары өндірістің көле­мін 11,7%-ға арттырып, құ­нын 156,6 млрд теңгеге жеткізген. Бұл – был­тырғы сәй­кес кезеңмен салыс­тырғанда 16,4 млрд теңгеге артық. Бірінші жарты­жылдықта салаға салынған инвестиция көлемі 77,1 млн долларды құрады. Жыл басы­нан бері Денсаулық сақтау министр­лігіне инвестициялық келі­сімдер жасасуға 398,2 млрд теңгеге 246 дәрілік зат жөнінде 9 өтінім келіп түскен. Осыған қара­­ғанда, қазіргі қарқын бәсең деп айтуға келмейді. Жұмыстың нақты нәтижесі қалай боларын белгіленген мезгілде, 2029 жылы көре жатармыз.

Сала қызметкерлері жан-жақты қорғалады

Статистикаға үңілсек, 2019–2023 жылдар аралығында елі­мізде қызметтік міндеттерін ат­қару кезінде 158 медицина қыз­меткері зардап шеккен, медици­на мама­нына шабуыл жасау дерек­тері биылдың өзінде бір­неше мәрте тіркелді. Осыны ескере келе, жедел медициналық жәр­дем фельдшерлеріне арналған смарт бейнежетондарды енгізу жөніндегі қанатқақты жоба іске асты. Жаңа жобаның арқасында сала мамандарына жұмыс барысында әлдекім күтпеген шабуыл жасаса, жанжал шығарса, агрессия танытса, құқығын заңды түрде қорғауға мүмкіндік молая­ды. Бейнежетондарда SOS батырмасы, геолокация функциясы, ауысым аяқталғаннан кейін жазбаларды автоматты түрде алу мүмкіндігі бар. Барлық құрылғы орталықтандырылған басқару жү­йесіне қосылған. SOS сигналы мен бейнесигнал автоматты түрде ІІМ жүйесіне беріледі.

Қанатқақты кезеңнің қоры­тындысы да мұндай технология еліміздің басқа да өңірлеріне енгізілуге тиіс. Медициналық көмектің тиімділігін арттыруға септесетін Face ID жүйесі бар. Осы жобаға сәйкес науқастар емханаға келгенде Face-ID, веб-камера көме­гімен жеке басының сәйкестігін нақ­тылайды. Бұрынғыдай емханаға бармаған пациенттің атына жалған дерек толтыруға жол берілмейді.

Жыл басынан бері денсаулық саласына енгізілген өзгерістердің баяны қысқаша осындай.

Соңғы жаңалықтар

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының жүлде қоры жарияланды

Футбол • Бүгін, 12:08

Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:51

«Astana Motors»: Отандық көлік өнеркәсібіндегі серпіліс

Технология • Бүгін, 11:42

Цифрландыру, инфрақұрылым және активтердің қайтарылуына ел тұрғындарының көзқарасы қандай?

Қоғам • Бүгін, 11:40

Еуроодақ ресейлік газдан бас тарту туралы шешім қабылдады

Оқиға • Бүгін, 11:35

«Жетісу» футбол клубына бас бапкер тағайындалды

Футбол • Бүгін, 11:25

Атырау облысында аңшы жоғалып кетті

Оқиға • Бүгін, 11:13

Димаш Құдайберген медицина университетінің құрметті профессоры атанды

Қоғам • Бүгін, 11:01

Қазақстанда бағдарламалау мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 10:51

Кеңгір ауылы газға қосылып, таза ауыз сумен қамтылды

Қоғам • Бүгін, 10:40

Алматы метросының «Қалқаман» станциясы мерзімінен бұрын пайдалануға беріледі

Оқиға • Бүгін, 10:33

Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

Қоғам • Бүгін, 10:20

Сақ болыңыз: Алаяқтар тұрғындарды алдауда жаңа тәсіл қолданып жатыр

Қоғам • Бүгін, 10:15

Түркістан облысында көпір опырылып қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:11

18 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:01

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 13:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

31 Қаңтар 2026 17:32see106

Конституция жобасы: азаматтар пікірі мен ұсынысын e Otinish және eGov порталдары арқылы жіберді

31 Қаңтар 2026 11:28see106

Ата заңның жаңа жобасы таныстырылды

31 Қаңтар 2026 09:21see105

Ұлы Дала ұғымы Конституцияның Преамбуласында пайда болуы мүмкін

31 Қаңтар 2026 09:39see105

Ернар Айдар жол ережесін бұзып, айыппұл арқалады

01 Ақпан 2026 13:23see104

Жас әйелдің жат еркекпен қылмыңдағанын көтере алмайсың Әзілхан Нұршайықовтың жары

01 Ақпан 2026 16:42see103

Гүлбану Жақсылыққызы: Адам құқығы жаңа Конституцияның басты басымдығы

31 Қаңтар 2026 19:09see103

Алматыда Ғасыр жасаған Ұлт театры көрмесі ашылды

31 Қаңтар 2026 23:13see103

ШҚО да бір жылда 600 келіден астам есірткі тәркіленді

01 Ақпан 2026 12:44see102

Конституция жобасына сәйкес, Президент мерзімінен бұрын қызметінен кеткен жағдайда оның өкілеттігін кім өз мойнына алады?

31 Қаңтар 2026 11:14see102

1 ақпаннан бастап дәрігерлер ЭЦҚ қолдануға міндеттеле ме? Министрлік жауабы

01 Ақпан 2026 17:32see102

Қазақстан жерін шетелдіктерге сату туралы ақпарат ресми түрде жоққа шығарылды

31 Қаңтар 2026 15:53see102

Германияда газ тапшылығы болуы мүмкін

01 Ақпан 2026 03:31see102

Шорт тректен әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қола медаль еншіледі

01 Ақпан 2026 11:58see102

Шымкентте ірі әлеуметтік нысандар салынады

30 Қаңтар 2026 22:01see102

Ресей СІМ Украина қауіпсіздігі үшін ең тиімді кепілдікті атады

31 Қаңтар 2026 20:49see101

Спутниктік суреттерден Иранның ядролық нысандары аймағында белсенділік байқалды

01 Ақпан 2026 06:55see101

Жемқорлыққа қарсы мәдениетті орнықтыру қажет

31 Қаңтар 2026 09:22see100

Чемпиондар лигасы: Қайрат биылғы маусымда қанша табыс тапты?

01 Ақпан 2026 15:38see99

Парижде өтетін Үлкен дулыға додасына баратын қазақ дзюдошылары белгілі болды

31 Қаңтар 2026 17:20see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары