Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Әлеуметтің саулығы сандармен өлшенбейді

Әлеуметтің саулығы сандармен өлшенбейді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бұл жетекші мемлекеттерден шамамен 30 ұпайға қалып қойдық деген сөз. Мұндай нәтижелер Қазақстандағы медициналық қызмет сапасы, аурушаңдық деңгейі мен халық денсаулығының жалпы жағдайына қатысты түйткілдердің бар екенін көрсетеді. Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін мамандарға жүгінген едік.

Көштен қалып барамыз ба?

Numbeo әдіснамасы бой­ынша Денсаулық сақтау ин­дексі тұрғындар арасында жүр­гізілетін әлеуметтік сау­алнамалар негізінде есеп­те­леді. Бұл көрсеткіш елдің денсаулық сақтау жүйесінің жалпы сапасын, медициналық инфрақұрылымның дамуын, қызметтердің қолжетімділігін және ресурстармен қамтама­сыз етілу деңгейін қамтиды. Сонымен қатар платформа денсаулық сақтау сапасының жеке индексін де шығарады. Бұл индексте дамыған елдер әдеттегідей жоғары нәтиже көрсетеді.

Рейтингте Тайвань 87 бал­мен көш басында тұр. Екінші орында 82,8 балмен Оңтүстік Корея, ал үшінші орынға 80,6 көрсеткішімен Нидерланды жайғасты. Әл-ауқаты жоғары елдердің денсаулық сақтау жүйесі алғашқы үштіктен кей­ін де үздік ондықты толық­ты­рып отыр. Қазақстанға жақын орналасқан мемле­кеттер ара­сынан Ресей 57-орынға, ал Армения 61-орынға табан тіреген.

Денсаулық сақтау мин­истрінің кеңесшісі Алмат Тұрысбекұлы бұл статистикаға аса қатты уайымдаудың қа­жеті жоқ екендігін алға тарт­ты. Өйткені оның сөзінше, елі­міздің медицинасы басқа ел­дерден қалыспай келе жатыр. 

– Қазақстан медицинасы соңғы жылдары көрші мем­лекеттермен салыстырғанда айтарлықтай қарқынмен да­мып келеді. Заманауи құрал-жабдықтардың қолжетімді болуы, диагностикалауда ге­не­тикалық және ДНҚ зерт­теулерінің кеңінен қолдан­ылуы үлкен жетістік деп айт­сақ болады. Осы техно­ло­гиялардың енгізілуі онколо­гиялық ауруларды ерте кезең­де анықтауға және тиімді ем­­деу әдістеріне уақытылы көшуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл – әлемдік медицинадағы жаңа жетістіктерді тек бақы­лап қана қоймай, оларды ха­лық денсаулығы үшін кең көлемде пайдалануға қабілетті екенін көрсететін маңызды қадам, – дейді Алмат Тұрыс­бекұлы.

Оның айтуынша, меди­цинаның хирургия саласы да зор қарқын алып жатыр. 

– Бұрын тек шетелдік ғылыми конференцияларда ғана естіп жүрген бауыр, бүй­рек трансплантациясы секілді күрделі оталар бүгінде Астана, Алматы, Шымкент қала­лар­ында қолжетімді медици­налық қызметке айналды. Мұның бәрі тек хирургтардың кәсіби деңгейінің артуының емес, сондай-ақ жоғары дәл­діктегі диагностикалық жүйе­лердің, заманауи зертханалық қызметтердің қарқынды дамуының нәтижесі, – дейді кеңесші.

Қан айналым аурулары өршіп тұр

Денсаулық сақтау мин­истрлігінің 2022 және 2024 жылдарға арналған деректерін салыстырғанда, елдегі ауру­шаң­дық деңгейінің өскені бай­қалады. Ең күрделі жағдай – қан айналымы жүйесі ауруларында. 2024 жылы бұл дерт 100 мың адамға шаққанда 18 600 жағдайға жетіп, екі жыл бұрынғы көрсеткіштен айтар­лықтай жоғарылаған. 2022 жылы тіркелген деңгей – 16 900 жағдай. Қан айналымы аурулары Қазақстанда өлім-жітімнің негізгі себептері қа­тарында тұрғанын ескерсек, бұл өсім алаңдатарлық белгі болып отыр.

Жоғары санаттағы дәрігер оритмолог Ғани Төлепбер­геновтің айтуынша, аурушаң­дығымыз өзімізден болып отыр.

– Елдегі аурушаңдық дең­гейінің өсуі тек Қазақстанға тән құбылыс емес, бүкіл әлем­де байқалып отырған үр­діс. Бүгінде жұқпалы емес созыл­малы аурулар мен түрлі қауіп-қатері жоғары дерт­тердің саны көбейді. Мұның бір се­бебі – адамның өз денсаулы­ғына немқұрайлы қарауында. Денсаулықты бала кезден дұрыс сақтауға үйрену, оның маңызын түсіндіру, өмір сал­тына жауапкершілікпен қарау аса маңызды болып отыр. Шын мәнінде, аурушаң­дық­тың негізгі факторлары адам­ның өзінен басталады. «Дәрі­гер ауруды емдейді, ал ден­сау­л­ықты адам өзі табады» деген сөз тегін айтылмаған. Көп жағдайда сырқаттың бір бөлігі өз қолымызбен жа­сайтын қателіктердің сал­дарынан туындайды. Күнде­лікті дұрыс тамақтанбау, ұйқы мен күн режимін сақтамау, зиян­ды әдеттерге әуес болу, қоз­ғалыстың аздығы деніміз­дің саулығына әсер етпей қой­майды. Оған қоса, психоло­гия­лық күй де үлкен рөл ат­қа­рады. Ұдайы стресс, ұсақ-түйекке жығылу, ашулан­шақ­тық мұның бәрі ағзаға теріс әсерін тигізеді, – дейді маман. 

Дәрігердің сөзінше, кейін­гі жылдары өлім-жітім құрылым­ында жүрек-қан тамыры ауру­лары бірінші ор­ынға шы­ғып отыр. Гипертония, ин­сульт, инфаркт секілді дерттер жиілеп кетті. Бұған эколо­гияның на­шар­лауы да өз үле­сін қосып отыр. Ауаның лас­тануы, қор­шаған ортаның бұзы­луы сал­дары­нан, тіпті жай ғана тұмау мен ЖРВИ-дің өзі бұрынғыдан жиі кездесетін болды.

Ауылдардағы ахуал

Иә, медицина елімізде да­мыды деу оңай айтылғанмен, кейбір шалғай ауылдардың жағдайы мәз емес. Болашақ бағдарламасының түлегі Ғани Төлепбергенов өзінің бір сөз­інде, көптеген ауыл-аудан­да медицина саласы бой­ынша маман тапшылығы бар екенін айтты. «Кардиолог, терапевт бар бол­ғанмен, кей­бір тар шеңберлі мамандықтар аздық етеді. Одан қалса, жол мәсе­лесі де оңып тұрған жоқ. Ауданнан қалаға жету үшін 300-400 ша­қырым жүру нау­қастар үшін, әрине қиындық туғызады», – дейді ол.  

– Қазіргі таңда Қазақстан медицинасы шалғай ауылдар мен аудан тұрғындарының сапалы медициналық көмек­тен шет қалмауы үшін теле­медицина жүйесін белсенді енгізіп жатыр. Телемедицина арқылы ауылдық жерлердегі ауыр жағдайдағы науқастар облыс орталықтарындағы бі­лікті мамандармен тікелей байланыса алады. Сол жерде қажетті кеңес беріліп, емдеу тактикасы бірден келісіліп, уақыт жоғалтпай медици­на­лық көмек көрсету мүмкіндігі артады, – дейді Алмат Тұрысбекұлы.

Оның сөзінше, қазір бұл жүйе Алматы облысының төрт ауданында толық іске қосылды. 

– Алғашқы пилоттық жоба Солтүстік Қазақстан облыс­ын­да басталған болатын. Нәтижелері өте жақсы, себебі телемедицинаның мүмкіндігі кең: жағдайы ауыр пациент­терді бақылау, инфаркт немесе инсульт алған науқастарға шұ­ғыл консультация беру, жүкті әйелдерді қашықтан тек­серу сияқты маңызды қыз­меттер қолжетімді болып отыр, – дейді маман.

Әрине, жыл сайын тех­но­логия жаңарып, медицинаның дамуы көңіл көншітетіні рас. Алайда ол өміріңізді кепіл­дікте ұстап тұрады деген сөз емес. Әр адам өз денсаулығына жауапты. Сондықтан ішіп-жеген асымыздан бастап, өм­ір­лік ұстанымымызды жақ­сартпай, деннің саулығын арм­андауды қоялық.

Әсет ҚАЛИ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 17:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары