Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Дәрі дәрмек бағасы неге қымбат?

Дәрі дәрмек бағасы неге қымбат?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Елімізде дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы алаңдатарлық жайт.  Бір препараттың бағасы ай сайын өзгеріп, кейде бір қаланың өзінде әртүрлі дәріханада сан түрлі бағамен сатылғанына жұрт наразы. Осы  мақсатта Үкімет 4 жаңа фармацевтикалық зауыт салу және 356 жаңа дәрі шығару жобасы қолға алмақ. Құрылтайдағы реформалар аясында Үкімет 316 млрд теңгеге 6 инвестициялық жобаны бекітіп, 400‑ден астам жаңа дәрі‑дәрмекті өндіруді жоспарлап отыр. Алайда дәрі бағасы неге әлі қымбаттап жатыр? Мұны кім және қалай бақылайды? Осы сауалдарға фармация саласының маманы Әсемай Мұстафа жауап берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауының негізгі себебі неде? 

–  Жалпы Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауына бірнеше фактор әсер етеді. Соның ішіндегі ең негізгісі – импортқа тәуелділік. Қазіргі таңда елімізде қолданылатын дәрі-дәрмектің шамамен 75–80 % шетелден әкелінеді. Импорттық дәрілердің бағасы валюта бағамына тікелей байланысты. Доллар курсының өсуі, инфляция, халықаралық нарықтағы өзгерістер автоматты түрде ішкі нарыққа әсер етеді. Сонымен қатар, тасымал шығындары да қалтаға салмақ салады. Кедендік рәсімдер, сақтау, қойма шығындарының барлығы дәрі бағасына қосылады. Бұдан бөлек, өндіріс шығындарының өсуі де әсер етеді: шикізат, қаптама, энергия ресурстары, қызметкерлердің жалақысы. Тағы бір маңызды фактор – делдалдардың көптігі. Өндірушіден пациентке дейін бірнеше дистрибьютор қатысады. Әр кезеңде үстеме баға қосылып, нәтижесінде дәрі бірнеше есе қымбаттайды.

–  Сонда бір дәрінің бағасы өндірушіден пациентке жеткенше қалай өседі? Қай кезеңде баға көбірек қосылады?

–  Дәрінің бағасы бірнеше кезеңнен өтеді. Алдымен өндіруші препараттың өзіндік құнын есептейді. Бұл құнға шикізат, өндірістік жабдықтар, зауыт шығындары, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерге кеткен жылдар мен қаржы кіреді. Одан кейін дәрі дистрибьюторға жеткізіледі. Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен МӘМС аясындағы дәрілерді жеткізуде «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы жұмыс істейді. Бұл кезеңге тасымал шығындары қосылады. Егер дәрі алыс аймақтар мен ауылдарға жөнелтілсе, қосымша шығындар тағы артады. Соңғы кезең – дәріхана. Оның жалдау ақысы, қызметкерлердің жалақысы, салық пен өзге де шығыны бар. Әр кезеңде үстеме баға қосылатындықтан, бастапқы өндіруші бағасымен салыстырғанда дәріханадағы баға айтарлықтай жоғары болады.

–  Импорт басты себеп болса, неге дәріні өзіміз өндірмейміз?  

–  Қазақстанда дәрі өндірісі мүлде жоқ деп айтуға болмайды. Дамып келеді. Бірақ әлі де шектеулі деңгейде. Қазіргі таңда елімізде негізінен түпнұсқа препараттардың баламасы өндіріледі.Ал түпнұсқа дәріні шығару үшін ондаған жылға созылатын ғылыми-зерттеулер, клиникалық сынақтар және миллиардтаған инвестиция қажет. Бұл мақсат қысқа уақытта жүзеге аспайды. Сонымен қатар дәрі өндірісіне қажетті белсенді фармацевтикалық субстанциялардың басым бөлігі Қытай, Үндістан және Еуропадан импортталады. Сондықтан отандық өндірістің өзінде валюта бағамының әсері сақталады.

Осы тұрғыда Шымкент қаласындағы «Химфарм» (Polpharma Group) зауытын мысалға келтіруге болады. Бұл кәсіпорын SANTO брендімен 200-ден астам препарат шығарады. GMP халықаралық стандартына сай жұмыс істейді. Антибиотиктер, инфузиялық ерітінділер, таблетка мен капсула түріндегі дәрілер өндіріледі. Соның арқасында бірқатар отандық препараттар ауруханаларға импорттық баламаларға қарағанда қолжетімді бағамен жеткізіліп отыр.

–  Баға қолжетімді болса, бір препарат әр қалада, тіпті әр дәріханада неге әртүрлі бағада сатылады?

–  Көп жағдайда бұл –  қалыпты  құбылыс. Бағаның әртүрлі болуына бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден, дәріхананың дәріні қандай бағамен және қай дистрибьютордан сатып алғаны маңызды. Екіншіден, сұраныс пен маусымдық факторлар бар. Мысалы, көктем мен жаз айларында аллергияға қарсы препараттарға сұраныс артып, бағасы өседі. Үшіншіден, қала мен ауыл арасында баға айырмашылығы бар. Үлкен қалаларда жалдау ақы қымбат, ал ауылдық аймақтарда логистика шығыны жоғары. Бұған қоса, әр дәріхана желісінің өз ішкі баға саясаты болады: бірі төмен маржамен, екіншісі жоғары маржамен жұмыс істеуі мүмкін.

–  Бұл ретте мемлекет дәрі-дәрмек бағасын қаншалықты бақылап отыр?

–  Мемлекет тарапынан дәрі-дәрмек бағасына бақылау бар. Бұл бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №77 және №94 бұйрығы арқылы жүзеге асады. Аталған құжаттарда рецептісіз босатылатын дәрілерге, сондай-ақ ТМККК мен МӘМС аясында берілетін препараттарға арналған шекті бағалар белгіленген.

Бұл дәрілер тұрақты бақылауда болады. Ал коммерциялық нарықтағы препараттарға бақылау салыстырмалы түрде әлсіз. Көбіне тек шағым түскен жағдайда тексеру жүргізіледі. Егер заңбұзушылық анықталса, айыппұл салынып, ал қайталанған жағдайда лицензиядан айыруға дейін шара қолданылуы мүмкін. 

– Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан Айкөркем САҒАТ 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 17:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары