Қазақстанда Стрептоцидтің бір сериясы не себепті сатылымнан алынғаны белгілі болды

23.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

— Зертханалық сынақ нәтижесінде дәрілік заттың сапасы нормативтік құжат талаптарына сәйкес келмейтіні анықталып, оны сатылымнан алу жөнінде шешім қабылданды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік бұл жағдайда қолданылатын заң нормасын еске салды.

— Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 259-бабы 1-тармағына сәйкес, уәкілетті орган дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмейтін жағдайларда қолданылуын, сатылуын немесе өндірісін тоқтатуға немесе тыйым салуға, сондай-ақ айналымнан алуға немесе қолдануын шектеуге құқылы, — делінген ресми жауапта.

Айта кетейік бұған дейін «Стрептоцид» дәрісінің бір сериясы сатылымнан алынғанын жазғанбыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бұйрығына сай, тыйым салынған дәрі — «Стрептоцид», таблетка, 300 мг, 10 таблеткадан қабыршақты қаптамада, 5 қабыршақты орамнан жасалған қатты қағаз қорапта. Өндіруші — «Химфарм» АҚ. Бұл серияның жарамдылық мерзімі — 2030 жылғы тамызға дейін.

Дегенмен, стрептоцид дәрілік затының тіркеу куәлігі қолданыста. Комитеттің шешімі тек 25080430 сериясына қатысты қабылданғанын атап өту керек. ҚР ДСМ мәліметінше, басқа сериялар шектеусіз нарық айналымында.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью