Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанда инфляция 2026 жылғы маусымда 0,8%-ды құрады, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.
Кейбір азық-түлік тауарларының бағасында маусымдық төмендеу байқалғанымен, бағаның айлық динамикасына қызметтердің және азық-түлік емес тауарлардың жекелеген түрлері ең көп үлес қосты.
Бір айдың ішінде жекелеген көкөністер мен тамақ өнімдері арзандады. Мысалы:
тәтті бұрыш бағасы – 12,6%;
қызылша – 7,8%;
жұмыртқа – 3,8%;
банан – 3,3%;
баялды – 1,7%;
қара шай – 1,1%;
бидай жармасы мен алма – 0,8%;
шоколад пастасы – 0,3%.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың арасында бірқатар ұзақ пайдаланылатын тауарлар мен медициналық өнімдер бағасының төмендеуі байқалды. Мәселен, шаңсорғыш – 7,2%, үтік – 5,4%, медициналық бетперде – 4,1%, электр шәйнек – 2,9%, модемдер мен роутерлер – 1,5%, ноутбук – 1,2%, парацетамол – 0,8%, қолға арналған крем – 0,6% арзандады.
Ал, ақылы қызметтер арасында ыстық су тарифтері 3,7%-ға, суық су тарифтері 3,2%-ға төмендеді.