Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Әсет Құралбай есімді жігіттің Чикагода жоғалып кеткенінен хабардар. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен байланыста және оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ мәліметінше, Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы да жігіттің туыстарымен тығыз байланыста.
Мән-жай"Жағдай Сыртқы істер министрлігінің бақылауында", - деді ведомство өкілдері.
АҚШ-та екі апта бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Данияр Мейірхан Threads әлеуметтік желісінде жариялаған еді.
24 жастағы Әсет Құралбай Чикаго ауданында (Ford Heights, Illinois) тұрады. Ол кейінгі рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап телефоны сөндірулі. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу