Қазақстандық мерген Азия Пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін еншіледі

19.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстандық мерген Еркін Ғаббасов Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия пара ойындарында 10 метрге пневматикалық мылтықтан атудың R1 дисциплинасы бойынша чемпион атанды, деп хабарлайды Aikyn.kz  ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап. 

Паралимпиаданың күміс жүлдегері 249,1 ұпай жинап, Азия пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Оған қоса, ол жарыстың рекордын орнатып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, екінші орынды Корея елінің спортшысы Парк Джинхо(248 ұпай), үшінші орынды Ли Джанхо(226 ұпай) алды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью