Қазақстандық мерген Азия Пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін еншіледі
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстандық мерген Еркін Ғаббасов Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия пара ойындарында 10 метрге пневматикалық мылтықтан атудың R1 дисциплинасы бойынша чемпион атанды, деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.
Паралимпиаданың күміс жүлдегері 249,1 ұпай жинап, Азия пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.
Оған қоса, ол жарыстың рекордын орнатып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, екінші орынды Корея елінің спортшысы Парк Джинхо(248 ұпай), үшінші орынды Ли Джанхо(226 ұпай) алды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:20
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 10:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















