Жамбыл облысында көлге батып бара жатқан 16 жастағы бала құтқарылды видео
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында патрульдік полиция қызметкерлері 16 жастағы жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қала тұрғынынан "102" пультіне қоңырау түскен. Ол жасөспірімнің көлге батып бара жатқанын айтып, көмекке шақырған.
"Жасөспірім балық аулап жүріп, өзенге құлап кеткен. Су ортасында аяғы тасқа ілініп қалып, қайта шыға алмай қалған", - дейді полиция.
Патрульдік полиция қызметкерлері – полицияның аға лейтенанты Махамбет Шаянбаев пен полиция лейтенанты Қасымхан Қалаубек бір секундқа да ойланбастан суға секіріп, жасөспірімді құтқарған. Ол жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Жасөспірімнің жағдайы жақсы.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Алакөлде суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды
02 Тамыз 2026 22:46
Жамбыл облысында құтқарушылар суға батып бара жатқан жігітті аман алып қалды
15 Маусым 2026 09:35
Испанияға бара жатқан қытайлықтар Жамбыл облысында адасып кетті
24 Тамыз 2026 12:45
Жамбыл облысында жазатайым оқиға: 11 жастағы қыз құтқарылды
04 Қаңтар 2026 23:59
Құтқарушылар Астанада және Жамбыл облысында суға батып бара жатқандарға көмекке келді
11 Маусым 2026 08:24
Көрілімдер:61
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 11:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















