Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Ресейдегі маймыл шешегі: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Ресейдегі маймыл шешегі: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Министрліктің мәліметінше, әлемдегі жұқпалы аурулар, соның ішінде маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда.

"Әлемнің жекелеген елдерінде ауру жағдайларының тіркелуіне және халықаралық көлік қатынасының қарқындылығына байланысты инфекцияның Қазақстан аумағына әкеліну ықтималдығы жоққа шығарылмайды. Дегенмен қоздырғыштың берілу ерекшеліктерін ескере отырып, ел тұрғындары арасында маймыл шешегінің кеңінен таралу қаупі төмен деп бағаланады", – деп хабарлады ведомство.

Инфекцияның елге әкелінуі мен таралуының алдын алу үшін Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2024 жылғы 26 тамыздағы №8 қаулысына сәйкес санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда:

мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді; ауру жағдайлары тіркелген елдердегі эпидемиологиялық жағдайға және осы мемлекеттерден келетін азаматтарға мониторинг жүргізіледі; барлық өткізу пункттері мен санитариялық-карантиндік пункттер дене қызуын жанаспай өлшейтін құралдармен жабдықталған; медициналық ұйымдар мен зертханалардың инфекцияны уақтылы анықтауға және диагностикалауға дайындығы қамтамасыз етіледі; аса қауіпті инфекцияларға күдік туындаған кезде хабарлау және ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау жөніндегі бекітілген алгоритмдер қолданылады.

Сонымен қатар әлемдегі жағдайдың өзгеруіне қарай эпидемиологиялық тұрғыдан ерекше назар аударуды қажет ететін елдердің тізімі тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Көліктің барлық түрінде жүргізілген санитариялық-карантиндік бақылау нәтижесінде аса қауіпті инфекциялармен ауырған немесе оларды жұқтырды деген күдікке ілінген адамдар анықталған жоқ.

Маймыл шешегі – MPXV вирусы тудыратын вирустық ауру. Инфекция негізінен ауру жұқтырған адаммен тығыз физикалық байланыс кезінде, соның ішінде терідегі бөртпелермен және биологиялық сұйықтықтармен жанасу арқылы беріледі. Сондай-ақ вирус жұққан киім, төсек-орын және басқа да заттар арқылы, сондай-ақ ауру жануарлармен байланыс кезінде жұғуы мүмкін.

Ауруға тән белгілерге дене қызуының көтерілуі, бас пен бұлшықеттердің ауыруы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы және теріде бөртпенің пайда болуы жатады.

Аурудың алдын алу үшін министрлік мынадай кеңес береді:

терісінде шығу себебі белгісіз бөртпелері және жұқпалы аурудың басқа да белгілері бар адамдармен тығыз физикалық байланыстан аулақ болу; жеке гигиена ережелерін сақтау; инфекция жұқтырды деген күдік бар адамдардың жеке заттарын, киімдері мен төсек-орын жабдықтарын ортақ пайдаланбау; ауруға тән белгілер пайда болған жағдайда, әсіресе ауру тіркелген елдерге сапардан кейін, уақтылы медициналық көмекке жүгініп, медицина қызметкеріне барған елдері мен инфекция жұқтыруы мүмкін байланыстары туралы хабарлау.

Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бақылауды жалғастырып, халықтың денсаулығын қорғау және елдегі санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Бұған дейін Санкт-Петербургте маймыл шешегін жұқтырды деген күдікпен бес адамның ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Науқастар дәрігерлердің бақылауында.

Мәскеу облысында да пәтерлердің бірінен бес адам "маймыл шешегі" деген алдын ала диагнозбен ауруханаға жеткізілді. Жедел жәрдем шақыруға олардың маймыл шешегін жұқтырған болуы мүмкін адаммен байланыста болғаны себеп болған.

Сондай-ақ Гонконгта маймыл шешегін жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді. Қалада науқастар саны айтарлықтай артқан: тамыз айынан бері 21 жағдай анықталған. Бұл – жыл басынан бері тіркелген барлық жағдайдың 70%-ы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:21
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 11:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see145

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see144

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see142

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see140

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see138

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see131

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see129

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see128

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see127

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

17 Қазан 2026 14:38see125

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see120

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see119

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see118

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see118

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

17 Қазан 2026 13:44see116

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see114

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see108

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see108

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

17 Қазан 2026 16:15see108

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары