Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарының алтын медалінен айырылды
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалінен айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол 42,195 шақырымдық спорттық жүрісті 3 сағат 22 минут 20 секундта аяқтап, мәреге бірінші болып жеткен болатын. Алайда кейін спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұл нәтиженің жойылғанын хабарлады.
"Бүгін мені мың бөлікке бөлгендей болды... Нәтиже жойылды. Біз соңына дейін күрестік. Мен үшін күрескен суперқаһармандарыма рақмет! Жеке жаттықтырушымнан бастап, Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясының бүкіл құрамына, спорт министріне алғыс айтамын", – деп жазды спортшы.
Жеңіл атлет болған жағдайдың өзіне ауыр эмоционалдық соққы болғанын айтып, сезімін көрсеткені үшін кешірім сұрады.
Айта кетері, қазақстандық спортшының жарыстан шеттетілуіне бәсекелестерінің жарыс аяқталғаннан кейін берген наразылығы себеп болған. Олар Ясминаның жарыста киген ASICS кроссовкасы World Athletics халықаралық федерациясы бекіткен талаптарға сәйкес келмейді деп шағымданған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:92
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қыркүйек 2026 14:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















