​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22.10.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстан құрамасы Испанияның Рокетас-де-Мар қаласында 20 қазанда аяқталған 7 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасындағы FIDE әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Республика күні қарсаңында ел қоржынына түскен 7 алтынның бірін 13 жастағы Данис Қуандықұлы жеңіп алып, мансабында үшінші рет Әлем чемпионы атанды.

Халықаралық біріншілікке әлемнің 82 елінен 721 шахматшы қатысты. Олар 11 тур бойы 12 жас пен гендерлік санат бойынша жүлделерді сарапқа салды. Жалпы есепте 13 медаль (7 алтын, 2 күміс, 4 қола) еншілеген Қазақстан құрамасы Моңғолия мен Өзбекстанды артта қалдырып, көш бастады. Жас спортшы Данис Қуандықұлы бұл жеңісін Республика күніне арнады.

Данис 13 жасқа дейінгі ұлдар санатында мүмкін болған 11 ұпайдан 10,5 ұпай жинап, қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Ол 10 партияда жеңіске жетіп, бір ойынды тең аяқтады. Қазақстандық шахматшы жарысты бірде-бір жеңілмей өтіп, екінші орындағы Египет спортшысынан 1,5 ұпайға ұзаpoint озып кетті. Данис әлем чемпионатына Жансая Әбдімәлік академиясында Allur компаниясының қолдауымен дайындалған.

Бұл – Данистің карьерасындағы үшінші әлемдік титул. Ол алғаш рет 2023 жылы Египетте 10 жасқа дейінгі шахматшылар арасында топ жарса, екі жылдан кейін Алматыда өткен біріншілікте 12 жасқа дейінгі санатта жеңісті қайталады.

Бұдан бөлек, өз жас санатында Лейла Алдажарова, Макар Чернышов, Амалия Едрешева, Милана Филиппова, Әміржан Әнетов және Алдияр Жауынбай әлем чемпионы атанды. Әсіресе 11 жасқа дейінгі қыздар арасында бақ сынаған Милана Филиппова барлық 11 партияда жеңіске жетіп, абсолютті нәтиже көрсетті.

Испаниядағы бұл жеңіс отандық шахмат үшін жемісті болған маусымның заңды жалғасы болды. Биыл қыркүйек айында Самарқандта өткен 46-шы Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы күміс жүлде иеленген еді. Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, қазіргі таңда елімізде «Білім берудегі шахмат» бағдарламасы 1 500-ден астам мектеп пен 60 мыңнан астам оқушыны қамтып отыр.

Бүгін, 16:59

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью