Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы елдің саяси жүйесіне қатысты ауқымды реформаларды жариялады.
Бұл өзгерістер, сіздің ойыңызша, Қазақстанның болашағына қалай әсер етпек?
— Бұл реформалар өте маңызды, себебі олар ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттік жүйенің құрылымына тікелей әсер етеді.
Қазіргі уақытта біз жаһандық трансформациялар кезеңінен өтіп жатырмыз: қалыптасқан әлемдік тәртіп өзгеру үстінде, тіпті орныққан демократиялық дәстүрлері бар елдер де басқару модельдерін қайта қарап жатыр, яғни Қазақстан да объективті түрде динамикалық әрі бейімделген саяси жүйеге бет алып отыр.
— Негізгі айтылған жаңалықтардың бірі — вице-президент лауазымының енгізілуі.
Ол саяси жүйенің тұрақтылығын нығайту үшін қандай рөл атқаруы тиіс?
— Президент өз сөзінде вице-президент мемлекет басшысымен бір командада жұмыс істеп, оның тапсырмаларын орындайтынын нақты атап өтті.