Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстанның ипотека нарығы 2026 жылдың бірінші тоқсанында "Отбасы банкінің" жеңілдетілген бағдарламаларының арқасында құлдыраудан аман қалды. Жаңадан берілген қарыздардың 85 пайыздан астамы мемлекеттік бағдарламаларға тиесілі, нарықтық несиелер көлемі азайып келеді, деп хабарлайды ТengriНome Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығына сілтеме жасап.
Поделиться
Қазақстанның ипотека нарығы 2026 жылдың бірінші тоқсанында "Отбасы банкінің" жеңілдетілген бағдарламаларының арқасында құлдыраудан аман қалды. Жаңадан берілген қарыздардың 85 пайыздан астамы мемлекеттік бағдарламаларға тиесілі, нарықтық несиелер көлемі азайып келеді, деп хабарлайды ТengriНome Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығына сілтеме жасап.
Ипотекалық несиелеу нарығын "Отбасы банкінің" жеңілдетілген бағдарламалары құтқарып тұрҚазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) мәліметінше, ипотекалық несиелер көлемі 438 миллиард теңгеге жетті. 2026 жылдың қаңтар-наурызы аралығында бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,3 пайыз өскен.
"Алайда, бұл өсім нарық жағдайының жақсарғанын емес, сұранысты қолдаудың мемлекеттік тетіктері рөлінің одан әрі кеңейгенін көрсетеді. Жаңадан берілген қарыздардың бүкіл өсімін несиелеу көлемін бір жылда 54,3 пайыз - 347,5 миллиард теңгеге дейін арттырған "Отбасы банкі" қамтамасыз етті. Соның нәтижесінде жаңадан берілген қарыздардағы жеңілдетілген бағдарламалардың үлесі бір жыл бұрынғы 73,9 пайызбен салыстырғанда 85,1 пайызға дейін өсті, ал екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекалық өнімдерінің үлесі 14,9 пайызға дейін қысқарды", - делінген ҚҚҚ-ның 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы Қазақстанның ипотека нарығына шолуында.
Бұл ретте нарықтық ипотека көлемі 53,6 пайыз төмендеді. Қаржыгерлер қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, коммерциялық ипотеканы жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар ығыстырып жатыр.
Қазақстандағы тұрғын үй мәмілелері: қазақстандықтар пәтерді сирек сатып алатын болды"Жаңа ипотекалық қарыздар бойынша орташа мөлшерлеме 10 пайы болып (бір жыл бұрын 11,4 пайыз), базалық мөлшерлемеден де, инфляциядан да айтарлықтай төмен деңгейде қалды. Осылайша, жаңа ипотекалық несиелердің басым бөлігі теріс нақты мөлшерлемелер бойынша беріліп жатыр", - деп атап өтті ҚҚҚ өкілдері.
Ипотека рәсімдегісі келетіндер саны да азайды - бар болғаны 192 мың өтінім (бір жылда 20,7 пайыз төмендеген). Қауымдастық мұны үш фактормен байланыстырады:
2025 жылы жылжымайтын мүлік бағасының екі таңбалы өсімі аясында тұрғын үй қолжетімділігінің нашарлауы; халықтың нақты табысының төмендеуі; бұған дейін БЖЗҚ-дан қаражат алу есебінен қолдау тапқан сұраныстың сарқылуы (тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жеткілікті шектен асатын зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу. 2026 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар тұрғын үй мәселесін шешуге 134,6 миллиард теңге алған).Ипотекалық несиелерді мақұлдау деңгейі аздап төмендеді - ол 2025 жылдың қаңтар-наурызындағы 23,6 пайызбен салыстырғанда 22,5 пайыз болды.
Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелеріне келетін болсақ, олардың саны 83,7 мыңға дейін азайды (бір жылда минус 4,5 пайыз). Бұл ретте жалпы көлемдегі ипотека үлесі 51,6 пайызға дейін қысқарды.
2026 жылға арналған ипотека болжамы: Қазақстанның тұрғын үй нарығында не өзгереді?"Сомасы 20 миллион теңгеден асатын несиелердің үлесі бір жыл бұрынғы 30 пайыздан 37 пайызға дейін өсті, ал 10 миллион теңгеге дейінгі қарыздар үлесі 22 пайыздан 17 пайызға дейін азайды. Бұл нарықтың біртіндеп ірі бастапқы жарна құюға және жылжымайтын мүліктің жоғары бағасы жағдайында несиені өтеуге қауқарлы, ауқатты қарыз алушылар төңірегіне шоғырланып жатқанын көрсетеді", - деп атап өтті қауымдастық.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының болжамы бойынша, 2026 жылдың екінші тоқсанында ипотекаға деген сұраныстың қалыпты өсімі күтіледі. Оның екі себебі бар:
"Отбасы банкіндегі" тұрғын үй жинақтары бойынша жыл сайынғы мемлекеттік сыйақының төленуі; тұрғын үй құрылыс жинақтары шеңберінде жаңа өнімдердің іске қосылуы (2026 жылдың 19 наурызынан бастап ТҮҚЖ жүйесіне екінші деңгейлі банктер де қатыса алады). Неге жаңа зейнетақы шегі тұрғын үйге сұранысты тежейді?Бұл ретте, банктердің бағалауынша, екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекалары өзгеріссіз қалады.
"Маусымнан бастап күшіне енген зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегінің көтерілуі сұранысты тежейтін факторға айналуы мүмкін. Егер бұған дейін БЖЗҚ-дан қаражат алу жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділікті қолдайтын негізгі көздердің бірі болса, жаңа талаптар бұл тетікті пайдалана алатын азаматтар санын айтарлықтай азайтады. Соның салдарынан нарық кейінгі жылдары бастапқы және қайталама тұрғын үй нарығындағы белсенділікті демеп келген қосымша сұраныс пен өтімділіктің төмендеуіне тап болуы мүмкін", - деп толықтырды ҚҚҚ.
Сарапшылар пікірінше, ипотека нарығының болашағы мемлекеттік қолдаудың ауқымына және оны қаржыландыру мүмкіндіктеріне байланысты. Мұндай жағдайда нарықтық ипотека рөлін қалпына келтіру басты мәселе болып қала бермек.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
ЖазылуЖылжымайтын мүлік Ипотека Қазақстан Несиелеу банктер баспана тұрғын үй