Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстанның 2026 жылғы ипотека нарығы: сұраныс тек жеңілдікті қарыздар есебінен сақталуда

Қазақстанның 2026 жылғы ипотека нарығы: сұраныс тек жеңілдікті қарыздар есебінен сақталуда

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстанның ипотека нарығы 2026 жылдың бірінші тоқсанында "Отбасы банкінің" жеңілдетілген бағдарламаларының арқасында құлдыраудан аман қалды. Жаңадан берілген қарыздардың 85 пайыздан астамы мемлекеттік бағдарламаларға тиесілі, нарықтық несиелер көлемі азайып келеді, деп хабарлайды ТengriНome Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығына сілтеме жасап.

Поделиться

Ипотекалық несиелеу нарығын "Отбасы банкінің" жеңілдетілген бағдарламалары құтқарып тұр

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) мәліметінше, ипотекалық несиелер көлемі 438 миллиард теңгеге жетті. 2026 жылдың қаңтар-наурызы аралығында бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,3 пайыз өскен.

"Алайда, бұл өсім нарық жағдайының жақсарғанын емес, сұранысты қолдаудың мемлекеттік тетіктері рөлінің одан әрі кеңейгенін көрсетеді. Жаңадан берілген қарыздардың бүкіл өсімін несиелеу көлемін бір жылда 54,3 пайыз - 347,5 миллиард теңгеге дейін арттырған "Отбасы банкі" қамтамасыз етті. Соның нәтижесінде жаңадан берілген қарыздардағы жеңілдетілген бағдарламалардың үлесі бір жыл бұрынғы 73,9 пайызбен салыстырғанда 85,1 пайызға дейін өсті, ал екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекалық өнімдерінің үлесі 14,9 пайызға дейін қысқарды", - делінген ҚҚҚ-ның 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы Қазақстанның ипотека нарығына шолуында.

Бұл ретте нарықтық ипотека көлемі 53,6 пайыз төмендеді. Қаржыгерлер қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, коммерциялық ипотеканы жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар ығыстырып жатыр.

"Жаңа ипотекалық қарыздар бойынша орташа мөлшерлеме 10 пайы болып (бір жыл бұрын 11,4 пайыз), базалық мөлшерлемеден де, инфляциядан да айтарлықтай төмен деңгейде қалды. Осылайша, жаңа ипотекалық несиелердің басым бөлігі теріс нақты мөлшерлемелер бойынша беріліп жатыр", - деп атап өтті ҚҚҚ өкілдері.

Қазақстандағы тұрғын үй мәмілелері: қазақстандықтар пәтерді сирек сатып алатын болды

Ипотека рәсімдегісі келетіндер саны да азайды - бар болғаны 192 мың өтінім (бір жылда 20,7 пайыз төмендеген). Қауымдастық мұны үш фактормен байланыстырады:

2025 жылы жылжымайтын мүлік бағасының екі таңбалы өсімі аясында тұрғын үй қолжетімділігінің нашарлауы; халықтың нақты табысының төмендеуі; бұған дейін БЖЗҚ-дан қаражат алу есебінен қолдау тапқан сұраныстың сарқылуы (тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жеткілікті шектен асатын зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу. 2026 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар тұрғын үй мәселесін шешуге 134,6 миллиард теңге алған).

Ипотекалық несиелерді мақұлдау деңгейі аздап төмендеді - ол 2025 жылдың қаңтар-наурызындағы 23,6 пайызбен салыстырғанда 22,5 пайыз болды.

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелеріне келетін болсақ, олардың саны 83,7 мыңға дейін азайды (бір жылда минус 4,5 пайыз). Бұл ретте жалпы көлемдегі ипотека үлесі 51,6 пайызға дейін қысқарды.

"Сомасы 20 миллион теңгеден асатын несиелердің үлесі бір жыл бұрынғы 30 пайыздан 37 пайызға дейін өсті, ал 10 миллион теңгеге дейінгі қарыздар үлесі 22 пайыздан 17 пайызға дейін азайды. Бұл нарықтың біртіндеп ірі бастапқы жарна құюға және жылжымайтын мүліктің жоғары бағасы жағдайында несиені өтеуге қауқарлы, ауқатты қарыз алушылар төңірегіне шоғырланып жатқанын көрсетеді", - деп атап өтті қауымдастық.

2026 жылға арналған ипотека болжамы: Қазақстанның тұрғын үй нарығында не өзгереді?

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының болжамы бойынша, 2026 жылдың екінші тоқсанында ипотекаға деген сұраныстың қалыпты өсімі күтіледі. Оның екі себебі бар:

"Отбасы банкіндегі" тұрғын үй жинақтары бойынша жыл сайынғы мемлекеттік сыйақының төленуі; тұрғын үй құрылыс жинақтары шеңберінде жаңа өнімдердің іске қосылуы (2026 жылдың 19 наурызынан бастап ТҮҚЖ жүйесіне екінші деңгейлі банктер де қатыса алады). Неге жаңа зейнетақы шегі тұрғын үйге сұранысты тежейді?

Бұл ретте, банктердің бағалауынша, екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекалары өзгеріссіз қалады.

"Маусымнан бастап күшіне енген зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегінің көтерілуі сұранысты тежейтін факторға айналуы мүмкін. Егер бұған дейін БЖЗҚ-дан қаражат алу жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділікті қолдайтын негізгі көздердің бірі болса, жаңа талаптар бұл тетікті пайдалана алатын азаматтар санын айтарлықтай азайтады. Соның салдарынан нарық кейінгі жылдары бастапқы және қайталама тұрғын үй нарығындағы белсенділікті демеп келген қосымша сұраныс пен өтімділіктің төмендеуіне тап болуы мүмкін", - деп толықтырды ҚҚҚ.

Сарапшылар пікірінше, ипотека нарығының болашағы мемлекеттік қолдаудың ауқымына және оны қаржыландыру мүмкіндіктеріне байланысты. Мұндай жағдайда нарықтық ипотека рөлін қалпына келтіру басты мәселе болып қала бермек.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жылжымайтын мүлік Ипотека Қазақстан Несиелеу банктер баспана тұрғын үй

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Маусым 2026 18:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары