Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жас кадрларға сұраныс: Қостанайда еңбек нарығы кеңейіп келеді

Жас кадрларға сұраныс: Қостанайда еңбек нарығы кеңейіп келеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бүгінде Қостанай машина жасау ісінде еліміздегі жетекші қалалардың біріне айналып үлгерді. Мұнда елдегі ең ірі автокөлік зауыттарының бірі Allur компаниясы орналасқан. Әрбір шығарылған автокөліктің, өндірістік желінің және технологиялық үдерістің артында адамдардың еңбегі тұр. Бүгінде кәсіпорын еліміздің түрлі өңірінен келген мамандарды, инженерлерді, слесарьлар мен технологтарды біріктіріп отыр. Олардың көпшілігі Қостанайға алғашында өндірістік тәжірибе немесе оқу бағдарламалары аясында келіп, кейін автокөлік саласында мансап құру үшін осында қалып қоюды жөн көреді.

Осындай мамандардың бірі – Allur зауытының кузовты бояу цехындағы бояушы-өңдеуші Кәмшат Тілеуова. Ол Қостанайға Ақтау қаласынан қоныс аударған.

Кәмшаттың зауыттағы жолы студент кезінен басталған. Ол Satbayev University университетімен серіктестік бағдарламасы аясында тәжірибеден өту үшін кәсіпорынға келген. Өндірістік тәжірибеден өтетін студенттерге жатын орын мен тамақ ұсынылып, сонымен қатар жалақы да төленеді. Allur зауытының базасында машина жасау және автомобиль жасау салалары бойынша алты базалық кафедра жұмыс істейді және 18 білім беру бағдарламасы әзірленген.

Кәмшаттың өндірістік тәжірибесі 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың мамырына дейін жалғасты.

«Бізді Алматыдан тәжірибеден өтуге жіберді. Әрқайсымыз түрлі цехтарда жұмыс істедік: көптеген студенттер Kia өндіріс желісінде болды, ал мен кузовты бояу цехында тәжірибеден өттім. Тәжірибеден кейін дипломымды қорғау үшін Алматыға бардым. Бірақ біраз уақыттан соң Қостанайға қайта оралуды жөн көрдім», дейді Кәмшат.

Дипломын қорғағаннан кейін ол полировка учаскесіндегі бос орын туралы естіп, өз күшін сынап көруге шешім қабылдайды. Жаңа қалаға көшу оңай шешім болмағанын жасырмайды.

«Бұған екі себеп әсер етті. Біріншіден, ұжым. Әріптестеріммен жақын араласып кеттім, бәрі маған жылы қарым-қатынас танытты. Екіншіден, қаланың өзі. Қостанай табиғатымен, ауа райымен, адамдарымен ұнады. Зауытта жас мамандарға даму үшін көптеген мүмкіндік беріледі. Әрине, бастапқыда қолымнан келе ме деген күмән болды. Бірақ достарыммен, әріптестеріммен сөйлескеннен кейін бұл шешімімнің дұрыс екенін түсіндім», дейді ол.

Қазір Кәмшат кузовты бояу цехында бояушы болып жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – автомобиль кузовтарын келесі құрастыру кезеңіне жіберер алдында мінсіз күйге жеткізу. Кәмшаттың айтуынша, жұмыста әріптестердің қолдауы ерекше маңызды.

«Мен әртүрлі жастағы адамдармен тіл табысуды, командада жұмыс істеуді және өз ісіме жауапкершілікпен қарауды үйрендім. Біз әрқашан бір-бірімізге көмектесеміз. Қазір өзімді толыққанды маман ретінде сезінемін және зауыттың, жалпы саланың дамуына өз үлесімді қосып жүргенімді түсінемін», дейді ол.

Allur компаниясы бірнеше жылдан бері еліміздің жетекші университеттері мен бейінді колледждерінде дуалды білім беру бағдарламасын дамытып келеді. Көптеген студенттер зауытта тәжірибеден өткеннен кейін осы кәсіпорында жұмысын жалғастырғысы келеді.

Жастар – өзгерістің тың күші

Алайда Қостанай тек жас мамандарды ғана емес, тәжірибелі кәсіби кадрларды да өзіне тартып отыр. Солардың бірі – жеткізушілер сапасын басқару бөлімінің басшысы Әсет Сүгралиев. Ол Қостанайға Орал қаласынан көшіп келген.

«Сол кезеңде мен автокөлік өнеркәсібіне ауысу мүмкіндігін қарастырып жүрген едім. Allur компаниясындағы бос орынды көргенде, өз тәжірибемнің бұл кәсіпорынға пайдалы болатынын түсіндім. Сондықтан бірден компания өкілдерімен байланысқа шықтым», дейді Әсет.

Бұған дейін ол Оралда, Алматыда, Қазанда және Астанада жұмыс істеген. Оның айтуынша, қала ауыстыру – кәсіби дамудың табиғи бір бөлігі.

Жастар жұмысы қайта жанданды

Қазір Әсет өндіріс желісіне жеткізілетін компоненттердің сапасын алдын ала бақылауға жауапты бағытты басқарады.

«Біздің міндетіміз – жеткізушілермен жүйелі жұмыс жүргізіп, компоненттердің тұрақты сапасын қамтамасыз ету», дейді ол.

Бүгінде Кәмшат пен Әсет секілді мамандардың еңбек жолы еліміздің жаңа индустриялық картасын қалыптастырып келеді. Түрлі қаладан және әртүрлі кәсіби тәжірибемен келген адамдар Қостанайға жиналып, Қазақстандағы ең ірі автокөлік зауыттарының бірінде еңбек етіп жүр. Олардың кәсібилігі, даму жолындағы талпынысы мен командалық рухының арқасында Allur стратегиялық маңызы бар кәсіпорын ретіндегі мәртебесін нығайтып, ал Қостанай бүкіл ел бойынша мамандарды өзіне тартатын орталыққа айналып отыр.

Құрманбек ДИХАНБАЕВ

Соңғы жаңалықтар

Құмар Ақсақалов: Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі

Ата заң • Бүгін, 17:32

Абай ұлттық мектебіне оқушыларды қабылдау басталды

Білім • Бүгін, 17:12

Ербол Хамитов Паралимпиада чемпионы атанды

Спорт • Бүгін, 17:09

Дидара Алина: Қуатты мемлекет білімді, саналы әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ арқылы нығаяды

Референдум • Бүгін, 16:58

«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан 263 текше метр қоқыс шығарылды

Экология • Бүгін, 16:47

Президент: Digital Qazaqstan стратегиясы азаматтар мен бизнестің нақты талап-тілегін ескеруге тиіс

Президент • Бүгін, 16:35

Жас кадрларға сұраныс: Қостанайда еңбек нарығы кеңейіп келеді

Аймақтар • Бүгін, 16:33

Елімізде 15 градусқа дейін күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 16:30

Каспий теңізінің Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылды

Ғылым • Бүгін, 16:03

Жасанды интеллект және кибершабуыл: Дипфейкті шынайы бейнеден қалай ажыратуға болады?

Қоғам • Бүгін, 15:47

Биыл Түркістан облысында екі жаңа су қоймасының құрылысы аяқталады

Аймақтар • Бүгін, 15:35

Ерлан Қарин: Конституциялық реформа – қоғам бірлігі мен халық ынтымағының айғағы

Ата заң • Бүгін, 15:17

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Мереке • Бүгін, 15:15

Елімізге көшіп келетіндер көбіне қай өңірге қоныстанады?

Аймақтар • Бүгін, 14:53

Батыс Қазақстан облысында шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілікті

Оқиға • Бүгін, 14:49

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 18:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары