Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның курорттық аймақтарында қаңтар-қыркүйекте 3,8 млн адам демалған, оның 16,5 пайызы шетелдіктер, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артық.
Үздік үш курорттық аймақ:
Алматы тау кластері – 2,2 млн адам,
Щучье-Бурабай курорт аймағы – 373,1 мың адам,
Маңғыстау курорт аймағы – 308,8 мың адам демалған.
Сондай-ақ бестікке Балқаш туристік аймағы (169,2 мың адам) және Жетісу облысының Алакөл курорт аймағы (147,1 мың адам) кірген.
Көрсетілген қызметтер көлемі 154,7 млрд теңгені құрады.