Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Астанада жалған қажылық ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаланың екі тұрғыны Instagram-да Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарын ұйымдастыруды кеңінен жарнамалаған. Олардың уәдесіне 37 азамат сеніп, барлығы жалпы көлемі 60 млн теңгені аударған. Ал қылмыскерлер ол ақшаны өздеріне жұмсаған.
Сот үкімімен екеуі де 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленушілерге материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап та орындалуы шарт.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
*Мета (Facebook және Instagram) қызметіне Ресейде экстремистік деп тыйым салынған.