Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік маңызды екі нысанның құрылыс аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. Оның бірі – паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт кешені болса, екіншісі – 200 орынға арналған №2 қалалық перинаталдық орталық.
Шаһар басшысының айтуынша, жаңа спорт кешені мүмкіндігі шектеулі жандарға жаттығу жасауға қолайлы жағдай туғызып, мегаполисте саламатты өмір салтын орнықтыруға септігін тигізеді. Бұл – Шымкенттің атын халықаралық додаларда танытып жүрген спортшылардың шеберлігін шыңдауға мол мүмкіндік. Әкім аталған жобалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инклюзивті спортты дамыту және спортпен шұғылдануға жайлы орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Қаланың жаңа шағын аудандарының бірінде бой көтеретін нысанда футбол алаңы, әмбебап спорт залдары, жүзу бассейні, автотұрақ қарастырылған. Мұнда азаматтар жекпе-жек, би, үстел ойындары, армрестлинг, пауэрлифтинг сияқты спорт түрлерімен айналыса алады. Сондай-ақ кешен аумағы воркаут аймағымен, жүгіру, велосипед жолақтарымен қамтылмақшы.
Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Қанат Жолдықараевтың мәлімдеуінше, жаңа кешенде арбамен билеуге, үстел теннисін ойнауға толық жағдай жасалады. Нысан халықаралық стандарттарға сай салынатындықтан, болашақта еліміздің түрлі турнирлерін, Азия чемпионаттарын осында өткізу жоспарланып отыр. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандар қаладағы бейімделген спорт кешендерінде жаттығып жүргенімен, оларға арнайы мамандандырылған орталық ауадай қажет еді.
Жаңа кешеннің салынатынына әсіресе спортшылар қуанышты. Солардың бірі – Токиода өткен сурдлимпиада ойындарының еркін күрестен чемпионы Пернеш Шадияр. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері спортпен 2012 жылдан бері айналысады. Алғашқы бапкері Ғалымжан Омар оны 6-сыныптан бастап жаттықтырған.
– Қазірде спорт залдары қаланың әр бұрышында орналасқан. Мәселен, күрес залы бір жерде болса, бассейнге бару үшін қаланың екінші шетіне қатынауға тура келеді. Ал жаңа ғимарат барлық жаттығу залын біріктірген бірыңғай кешен болғалы тұр. Нысанның тезірек пайдалануға берілуін асыға күтеміз, – дейді спортшы.
Пернеш қазір есту қабілеті нашар балаларға сабақ береді. Жаттықтырушылық қызметпен қатар, ел кубогы, Азия, әлем чемпионаттарына қызу дайындалып жүр. Басты мақсаты – 2029 жылы Грекияда өтетін сурдлимпиада ойындарының жүлдегері атану.
Іргетасы қаланған екінші нысан – перинаталдық орталық құрылысы да Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған. Президент Үкіметке ана мен баланы қорғау жүйесін нығайтуды міндеттеген болатын. Демографиялық өсімі жоғары мегаполисті заманауи перзентханамен қамтамасыз ету мақсатында жобаға мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлінген.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Инна Глазебнаяның айтуынша, 200 төсек-орынға шақталған медициналық орталық озық үлгідегі құрылғылармен, зертханамен жабдықталады. Құрылыс келесі жылдың соңында аяқталып, ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындары ашылады. Маманның сөзіне сүйенсек, қазір шаһарда аумақтық бөлініс бойынша 4 перзентхана қызмет көрсетеді. Оның ішінде №1 перинаталдық орталық түрлі патологиясы бар жүкті әйелдерді қабылдайды. Ал құрылысы басталған жаңа нысан «№2 қалалық перинаталдық орталық» атанып, негізінен ауыр патологиялық жағдайдағы аналар мен салмағы 500 грамнан бастап шала туған сәбилерді күтуге машықтанады. Бұл өз кезегінде қаладағы өзге перзентханаларға түсетін жүктемені едәуір азайтады.
ШЫМКЕНТ
Соңғы жаңалықтар
Күрделі кезеңдегі іргелі бетбұрыс
Сараптама • Бүгін, 08:15
Саясат • Бүгін, 08:10
Стратегиялық маңызды теміржол желісі іске қосылады
Саясат • Бүгін, 08:05
Газ саласын реттейтін құжат талқыланды
Саясат • Бүгін, 08:00
Елена Рыбакинаның 20 жетістігі
Теннис • Кеше
Жеңіл атлеттер Қытайда жеті жүлде олжалады
Спорт • Кеше
Дзюдошылар Парижде үш қолаға қол жеткізді
Спорт • Кеше
Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті
Олимпиада • Кеше
Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Олимпиада-2026: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында 35-орынға жайғасты
Олимпиада • Кеше
Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды
Оқиға • Кеше
Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді
Ата заң • Кеше
Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді
Президент • Кеше
Ерлан Қарин: Жаңа Конституция тұңғыш рет алдымен қазақ тілінде әзірленді
Ата заң • Кеше
Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді
Аймақтар • Кеше