Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қос нысанның қадасы қағылды

Қос нысанның қадасы қағылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік маңызды екі нысанның құрылыс аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. Оның бірі – паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт кешені болса, екіншісі – 200 орынға арналған №2 қалалық перинаталдық орталық.

Шаһар басшысы­ның айтуынша, жаңа спорт кешені мүм­кіндігі шектеулі жандарға жаттығу жасауға қолайлы жағдай туғызып, мегаполисте саламатты өмір салтын орнықтыруға септі­гін тигізеді. Бұл – Шымкент­тің атын халықаралық додаларда ­та­нытып жүрген спортшылар­дың шеберлігін шыңдауға мол мүм­кіндік. Әкім аталған жоба­лар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инклюзивті спортты дамыту және спортпен шұғылдануға жайлы орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

Қаланың жаңа шағын аудан­дарының бірінде бой көтеретін нысанда футбол алаңы, әмбебап спорт залдары, жүзу бассейні, автотұрақ қарастырылған. Мұнда азаматтар жекпе-жек, би, үстел ойындары, армрестлинг, пауэрлифтинг сияқты спорт түр­лерімен айналыса алады. Сон­­дай-ақ кешен аумағы вор­каут ай­мағымен, жүгіру, велоси­пед жолақтарымен қамтылмақшы.

Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасы бас­шы­­сының уақытша мінде­тін атқа­рушы Қанат Жолдықараевтың мәлімдеуінше, жаңа кешенде арбамен билеуге, үстел теннисін ойнауға толық жағдай жасалады. Нысан халықаралық стандарт­тарға сай салынатындықтан, болашақта еліміздің түрлі тур­нирлерін, Азия чемпионаттарын осында өткізу жоспарланып отыр. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандар қаладағы бейімделген спорт кешендерінде жатты­ғып жүргенімен, оларға арнайы мамандандырылған орталық ауадай қажет еді.

Жаңа кешеннің салынатыны­на әсіресе спортшылар қуаныш­ты. Солардың бірі – Токиода өткен сурдлимпиада ойындары­ның еркін күрестен чемпионы Пернеш Шадияр. Жасөспірім­дер мен жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері спортпен 2012 жылдан бері айналысады. Алғашқы бапкері Ғалымжан Омар оны 6-сыныптан бастап жаттықтырған.

– Қазірде спорт залдары қала­ның әр бұрышында орна­ласқан. Мәселен, күрес залы бір жерде болса, бассейнге бару үшін қаланың екінші шетіне қатынауға тура келеді. Ал жаңа ғимарат барлық жаттығу залын біріктірген бірыңғай кешен болғалы тұр. Нысанның тезірек пайдалануға берілуін асыға күтеміз, – дейді спортшы.

Пернеш қазір есту қабілеті нашар балаларға сабақ береді. Жаттықтырушылық қызметпен қатар, ел кубогы, Азия, әлем чемпионаттарына қызу дайындалып жүр. Басты мақсаты – 2029 жылы Грекияда өтетін сурдлимпиада ойындарының жүлдегері атану.

Іргетасы қаланған екінші нысан – перинаталдық орталық құрылысы да Мемлекет басшы­сының тапсырмасымен қолға алынған. Президент Үкіметке ана мен баланы қорғау жүйесін нығайтуды міндеттеген болатын. Демографиялық өсімі жоғары мегаполисті заманауи перзентханамен қамтамасыз ету мақсатын­да жобаға мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлінген.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Инна Глазебнаяның айтуынша, 200 төсек-орынға шақталған медициналық орталық озық үлгі­дегі құрылғылармен, зертханамен жабдықталады. Құрылыс келесі жылдың соңында аяқталып, ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындары ашылады. Маманның сөзіне сүйенсек, қазір шаһарда аумақтық бөлініс бойынша ­4 перзентхана қызмет көрсетеді. Оның ішінде №1 перинатал­дық орталық түрлі патологиясы бар жүкті әйелдерді қабылдайды. Ал құрылысы басталған жаңа нысан «№2 қалалық перинаталдық орталық» атанып, негізінен ауыр патологиялық жағдайдағы аналар мен салмағы 500 грамнан бас­тап шала туған сәбилерді күтуге машықтанады. Бұл өз кезегінде қаладағы өзге перзентханаларға түсетін жүктемені едәуір азайтады.

ШЫМКЕНТ 

Соңғы жаңалықтар

Күрделі кезеңдегі іргелі бетбұрыс

Сараптама • Бүгін, 08:15

Міндет мінсіз орындалса игі

Саясат • Бүгін, 08:10

Стратегиялық маңызды теміржол желісі іске қосылады

Саясат • Бүгін, 08:05

Газ саласын реттейтін құжат талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:00

Елена Рыбакинаның 20 жетістігі

Теннис • Кеше

Жеңіл атлеттер Қытайда жеті жүлде олжалады

Спорт • Кеше

Дзюдошылар Парижде үш қолаға қол жеткізді

Спорт • Кеше

Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті

Олимпиада • Кеше

Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Ауа райы • Кеше

Олимпиада-2026: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында 35-орынға жайғасты

Олимпиада • Кеше

Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды

Оқиға • Кеше

Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді

Ата заң • Кеше

Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді

Президент • Кеше

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция тұңғыш рет алдымен қазақ тілінде әзірленді

Ата заң • Кеше

Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Ақпан 2026 08:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары