Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған мәдени-рухани іс-шара өтті.
Алқалы жиын барысында ағартушы ғалымның мұрасы, ғылыми еңбектері сараланды.
Ал арнайы жасақталған этноауыл аумағында ән-жырдан шашу шашылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Шоқан Уәлиханов – қазақ мәдениетін әлемге танытқан ғалым. Оның саяхат күнделіктері ғылыми тұрғыда үлкен маңызға ие.
Қалқаман Жақып, профессор: - Шоқанды терең зерттеген Әлкей Марғұлан сөзімен айтатын болсақ, Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы отандық ғылымның алтын қоры деген.
Шоқан полиглот, Шоқан қазақтан шыққан тұңғыш суретші. Шоқан ағартушы демократ. Гуманист, адамзат тағдырын ойлаған әділ, адал тұлға.
Шоқанның туған жері, дүниеге келген күні, қызметіне қатысты кереғар пікірлер айтылып жүр.