Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Жасөспірімнің әрекеті салдарынан "Қостанай - Алматы" жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Қостанай облыстық соты.
9 қаңтарда жасөспірім басқа қатарластарымен бірге жаяу жүргіншіге арналмаған жерде темір жолға шыққан. Салдарынан "Қостанай – Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Бұл қозғалыс қауіпсіздігіне нақты қатер төндіріп, пойыздың апатқа ұшырауын қоса алғанда, ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін еді.
Кәмелетке толмағанның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-ананың мәселесі сотта қаралды. Әкімшілік істі Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
"2010 жылғы жасөспірімнің ата-анасы өз міндеттерін тиісінше орындамаған. Атап айтқанда, ол ұлын тәрбиелеуден жалтарған, тұрмыста және қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық қағидаларына үйретпеген, сондай-ақ оның бойында моральдық және адамгершілік құндылықтарды қалыптастырмаған", - дейді сотта.
Жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 43 250 теңге айыппұл салынды.