Қостанайлық студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық көлікті құрастырды

02.05.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Қостанайда студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық көлік - болидті құрастырды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті базасында студенттер құрастырған алғашқы жарыс болид салтанатты түрде таныстырылды.

© Photo : Қостанай облысының әкімідгіҚостанайлық студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық болидті құрастырды

Қостанайлық студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық болидті құрастырды

© Photo : Қостанай облысының әкімідгі

Жоба университет жанындағы Озық машина жасау орталығында жүзеге асырылған.

"Болидтің басты ерекшелігі – оның әрбір бөлшегі студенттердің өз қолымен нөлден бастап жасалған. Жас инженерлер идеяны әзірлеуден бастап, техникалық есептеулер жүргізу, жобалау, құрастыру және сынақтан өткізу кезеңдерінің барлығын дербес орындаған", - деп жазылған хабарламада.

Мамандардың айтуынша, бұл – жай ғана оқу үдерісінің бөлігі емес, толыққанды инженерлік жоба. Мұндай деңгейде әзірленген студенттік жарыс көліктері елімізде сирек кездеседі және отандық техникалық білім берудің әлеуетін көрсетеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью