Құқықтық сауаттың қағидаттары қаралды

11.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық фи­лиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері Қасымхан Тө­лендиев пен Зайнуддин Махусеев, Тараз қалалық полиция бас­қармасы басшысының кадр жөніндегі орынбасары, по­лиция полковнигі Берік Сәлемов және университет проректоры Мақсат Мусабаев қатысты.

Кездесу барысында ел Президенті 5 қарашада қол қойған «Қа­зақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағи­даттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жар­лық кеңінен түсіндірілді. Онда көрсетілген «Заң мен тәр­тіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» секілді қағидаттар жас­тардың өмірлік ұстанымына айналуға тиіс екені ай­тылды.

Сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жас­тарды әділдікке, адалдыққа баулу мәселелері қозғалып, нақ­ты мысалдар арқылы заңнамалар түсіндірілді. Спикерлер жас­тарды парасатты ұрпақ болуға шақырып, құқықтық сауат­тылықтың маңызын атап өтті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью