Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қытай аумағында, Қазақстан шекарасына жақын жерде магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері 29 қазанға қараған түні тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 29 қазан күні Астана уақытымен сағат 03:42-де болған. Картаға сүйенсек, эпицентр Қазақстан шекарасынан шамамен 65 шақырым жерде орналасқан.
Осы ауданда тағы бір жер сілкінісі болды28 қазан күні кешке Қытайдың дәл осы ауданында тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Деректер орталығының ақпараты бойынша, ол Астана уақытымен сағат 20:40-та болған. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 5,1-ді құрады.
Қазақстан аумағында жер асты дүмпулерінің сезілгені туралы ақпарат жоқ.
Еске сала кетейік, 22 қазанда қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы бірқатар жер асты дүмпуін тіркеді. Тибет автономиялық ауданында болған ең жойқын сілкіністің магнитудасы 7,1-ді құрады. Жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тауып, тағы 32 адам жарақат алды.
Бейнебақылау камералары жер сілкінісі сәтін түсіріп алған: БАҚ жариялаған кадрлардан адамдардың жансауғалап ғимараттардан сыртқа қарай қашып бара жатқанын көруге болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу