Қыз алып қашу ұлттық менталитетке қатысты емес әлеуметтанушы | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
– Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда қыз алып қашу мәселесін арнайы атап өтуі ерекше маңызды.
Бұл – жекелеген тұрмыстық оқиғаға берілген эмоциялық баға емес, қоғамда жинақталған әлеуметтік проблеманың бар екенін және оның мемлекеттік деңгейде шешімді талап ететінін ашық мойындау.
Президенттің бұл пікірі мәселені «дәстүр» (шын мәнінде бұл дәстүр емес, дәстүрді бұрмалау) немесе «отбасылық іс» аясынан шығарып, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік кеңістігіне енгізді, – дейді А.
Иманқұл. Сарапшының айтуынша, қыз алып қашу – жеке адамдардың әрекеті ғана емес, әлеуметтік нормалар арқылы ұдайы қайталанатын құбылыс.
Ол көбіне тікелей күш қолданудан гөрі символдық қысым тетіктері арқылы жүзеге асады.
«Ел не дейді», «қайтып келу ұят», «ата-ананың абыройы» секілді ұғымдар жеке ерікті шектейтін әлеуметтік бақылау құралдарына айналады.
Мұндай жағдай әлеуметтануда құрылымдық немесе символдық зорлық ретінде сипатталады, яғни зорлықтың өзі қалыпты әрі ақталатын әрекет ретінде қабылданады.
Читать полностью
Читать новость