Қызғылт лотосқа қызығушы көп

31.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Биыл Атырау қаласы ма­ңындағы Перетаска каналында алғаш рет бүршік жарды. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ғылым және мониторинг бөлімінің маманы Самал Бағытжанованың айтуынша, алқызыл өсімдіктің гүлдеу кезеңіне мониторинг жүргізіп отыр.

«Өзектегі лотос өскен аумақ аса ауқымды емес. Бұл гүлдің өсу үдерісі алдағы екі-үш жыл бойы тексеріледі. Мамандар мониторинг жүргізуді жалғастырады», дейді С.Бағытжанова.

Лотостың өзекте өсуіне Тасқала ауылында тұратын қос құрбы – Айым Жангелді мен Шаттық Хами ұйытқы болыпты. Мектепте оқитын олар екі жыл бұрын аналарының көмегімен аталған өзекке лотостың тұ­қымын шашыпты. 

«Қызғылт гүлдің Құрманғазы ауданында өсетінін естуші едім. Жолдың алыстығынан оған бара алмадым. Аз уақыт гүлдесе де лотостың әдемілігіне қызығамыз. Қауызын ашқан сәтте хош иісі мұрныңды қы­тықтайтын гүлді баптаудың қажеті жоқ. Су бетінде өзі өсе береді. Мақсатымыз – мұнайлы шаһарға туристердің көп келуіне ықпал ету», дейді Шаттықтың анасы Раугүлден Әзімжанова.

Қазір мұнайлы шаһар тұр­ғындары лотос қызықтауға күн сайын барады. Олардың арасында шетелдіктер де көп.

Атырау облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью