Қызғылт лотосқа қызығушы көп
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Биыл Атырау қаласы маңындағы Перетаска каналында алғаш рет бүршік жарды. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ғылым және мониторинг бөлімінің маманы Самал Бағытжанованың айтуынша, алқызыл өсімдіктің гүлдеу кезеңіне мониторинг жүргізіп отыр.
«Өзектегі лотос өскен аумақ аса ауқымды емес. Бұл гүлдің өсу үдерісі алдағы екі-үш жыл бойы тексеріледі. Мамандар мониторинг жүргізуді жалғастырады», дейді С.Бағытжанова.
Лотостың өзекте өсуіне Тасқала ауылында тұратын қос құрбы – Айым Жангелді мен Шаттық Хами ұйытқы болыпты. Мектепте оқитын олар екі жыл бұрын аналарының көмегімен аталған өзекке лотостың тұқымын шашыпты.
«Қызғылт гүлдің Құрманғазы ауданында өсетінін естуші едім. Жолдың алыстығынан оған бара алмадым. Аз уақыт гүлдесе де лотостың әдемілігіне қызығамыз. Қауызын ашқан сәтте хош иісі мұрныңды қытықтайтын гүлді баптаудың қажеті жоқ. Су бетінде өзі өсе береді. Мақсатымыз – мұнайлы шаһарға туристердің көп келуіне ықпал ету», дейді Шаттықтың анасы Раугүлден Әзімжанова.
Қазір мұнайлы шаһар тұрғындары лотос қызықтауға күн сайын барады. Олардың арасында шетелдіктер де көп.
Атырау облысы
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 20:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















