Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Әйгілі қызғылт Көбейтұз көлі күзетке алынады

Әйгілі қызғылт Көбейтұз көлі күзетке алынады

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ақмола облысында суының ерекше қызғылт түсімен танымал Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін алады. Мұндай шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қабылданды. Осы мақсатта "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі шекарасын кеңейтіп, оның құрамына көл акваториясын қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengri Travel.

Бұл қадам кейінгі жылдары туристер ағынының көбеюіне байланысты жүктеме артқан Көбейтұздың бірегей экожүйесін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

Көл мемлекеттік қорғауға алынады

Көбейтұз Астанадан шамамен 160 шақырым жерде орналасқан және Қазақстанның ең танымал табиғи нысандарының бірі. Көл мыңдаған туристі, әсіресе суы ерекше қызғылт түске боялған кезеңдерде өзіне тартады. Дегенмен, бұл жердің танымалдылығының артуы инфрақұрылымды дамытуды ғана емес, оны сақтау шараларын күшейтуді де талап етеді.

Ақмола облысы әкімдігі көлге қорғау мәртебесін берумен қатар, іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары басталатынын хабарлады. Мұнда келушілер табиғи құбылысты бақылап, көлді суретке түсіре алуы үшін, аса осал учаскелерге кірмей-ақ бақылау алаңы мен автотұрақ жабдықтау жоспарланған.

Әкімдік баспасөз қызметі басты міндет - адамдардың табиғи көрікті жерге зиян келтірмей, қауіпсіз танысуына жағдай жасау екенін атап өтті.

"Адамдардың осы бірегей табиғи нысанмен қауіпсіз әрі жайлы танысуына, оның әсем көрінісін тамашалауына мүмкіндік бере отырып, көлге ешқандай зиян келтірмеу аса маңызды. Көбейтұзды келер ұрпаққа табиғи қалпында сақтау тек сауатты абаттандыру мен экологиялық талаптарды қатаң сақтау арқылы мүмкін болады", - деп атап өтті әкімдіктегілер.

Абаттандыру кезінде кіруге шектеу қойылады

Жұмыс жүргізу кезінде көлге баруға шектеу қойылады. Келушілерге жағалау сызығына жақындауға және іргелес аумақтағы белгіленген қауіпсіз аймақтан жақын болуға тыйым салынады. Көбейтұзға кіреберіс жолдарда тәулік бойы жұмыс істейтін бекеттер ұйымдастырылып, аумақты полиция қызметкерлері уәкілетті органдармен бірлесіп патрульдейді.

Көлге шомылуға және оның жағасынан тұз жинауға тыйым салынатыны бөлек атап өтілді. Бұған дейін Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы судың гидрохимиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізген. Талдау нәтижесі аммоний азоты, аммиак, хлоридтер, күшәла және сульфаттар сияқты бірқатар заттың шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кеткенін көрсетті. Сондықтан суда болу қауіпті болуы мүмкін, ал тұз өндіру табиғи нысанға қосымша зиян келтіреді.

Экологиялық мәселелер әлі де өзекті

Көлді қорғауды күшейту туралы шешім сақталып отырған экологиялық мәселелер аясында қабылданды. Бұған дейін Көбейтұз қалпына келе бастап, көптеген туристі қайта тартқаннан кейін, тағы да қоқысқа толған болатын.

Әлеуметтік желілерде су айдыны айналасында жаңадан тасталған көптеген қоқыс көрінетін бейнежазбалар пайда болды. Жарияланымдар бірінің авторы адамдарға қызғылт көлдің әдемі суреттерін ғана емес, оның шынайы күйін де көрсетуге шақырды.

"Бәлкім, адамдарға өз аккаунты үшін әдемі суреттерді емес, көлдің бүгінгі шынайы күйін көрсету керек шығар. Сонда ғана адамдар ойланып, табиғатымызды аялай бастайтын болар", - делінген жарияланымда.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Әлия ✦ SMM • REELS • TARGET (@unrealaliya) жариялаған жазба

Пікір қалдырушылар келушілердің қалпына келуіне жылдар кететін қызғылт тұзды шелектеп жинап алған жағдайлары туралы айтып берді, ал кейбір көліктер көлдің аумағына дейін кіріп кеткен. Көпшілік Көбейтұзды сақтап қалуға тек қатаң шектеулер көмектеседі деп санайды.

Басқалары экожүйе қалпына келгенше көлге баруды уақытша толық жабуды, сондай-ақ туристерге қоқысты өздерімен бірге алып кетуді міндеттеуді ұсынды.

Оқиғаның мән-жайы

Көбейтұз төңірегіндегі оқиға 2020 жылдың жазында қоғамдық резонанс тудырды. Ол кезде суы ерекше қызғылт реңді көл елорда тұрғындары мен басқа өңірлер арасындағы ең танымал туристік бағыттардың біріне айналды. Мыңдаған адам мұнда суретке түсу, таяз сумен серуендеу және ерекше табиғи құбылысты көру үшін келді.

Алайда, танымалдылықпен бірге мәселелер де басталды. Келушілер өздерінен кейін қоқыс қалдырып, су қорғау аймағында от жағып, емдік қасиеті бар деп саналатын тұз бен балшықты тасып әкетті. Әлеуметтік желілерде Көбейтұз тұзын сату туралы хабарландырулар да пайда болды. Ең көп талқыланған жағдайлардың бірі - Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі тікелей көлдің ішіне кіріп кеткені болды, кейін жүргізуші ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталып, ол қазақстандықтардан көпшілік алдында кешірім сұрады.

2020 жылдың шілдесінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Көбейтұз төңірегіндегі жағдайға алаңдаушылық білдірді. Ведомство табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертіп, бақылауды күшейтуге және экологтардың, еріктілер мен полицияның қатысуымен мониторингтік топтар құруға уәде берді.

Сол кезде Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Көбейтұзға ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру қажеттігін алғаш рет айтып, бірегей нысанды сақтау үшін шлагбаумдар мен мобильді бекеттер жеткіліксіз екенін атап өткен болатын.

Сол жылы билік көлге баруға тыйым салып, полиция бекеттерін қойды және аумақты патрульдеуді бастады. Экологтар су айдынына қатысты жабайы әрекеттер оның тозуына әкелуі мүмкін екенін, ал тұзды жаппай тасудан кейін экожүйені қалпына келтіру үшін жылдар қажет болуы мүмкін екенін ескертті.

2021 жылы әлеуметтік желілерде құрғап қалған көлдің суреттері пайда болғаннан кейін Көбейтұз тағы да назар аударды. Содан кейін Ерейментау ауданы әкімдігі бұл экологиялық апат емес, ағынсыз тұзды су айдынының табиғи өмірлік циклі екенін түсіндірді: құрғақ жылдары су буланып, бетінде тұз қабығы қалады.

Қабылданған шараларға қарамастан, мәселе толық шешілген жоқ. 2025 жылы туристердің Көбейтұз жағасынан тұз бен балшық тасып жатқан жаңа бейнежазбалары пайда болған соң, полиция аумақты патрульдеуді қайта күшейтті. Экология министрлігі де жағдайды қосымша бақылауға алды, себебі ескерту белгілері де, бейнебақылау камералары да тәртіп бұзушыларды тоқтата алар емес.

Көл туралы не белгілі?

Көбейтұз Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округінде орналасқан тұзды ағынсыз көл. Ауданы 690 гектар, максималды тереңдігі 1,5 метрге дейін, ұзындығы шамамен 3,5 шақырым, ені 3 шақырымға дейін.

Көлдің ағыны жоқ, жауын-шашын мен жерасты сулары есебінен толығады. Dunaliella тұзды су балдыры арқасында судың түсі бірнеше жылда бір рет қызғылт түске боялады. Бір нұсқа бойынша, Көбейтұз атауы судағы тұз концентрациясының жоғарылығымен байланысты, бұл көрсеткіш бойынша оны Өлі теңізбен салыстыруға болады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 18:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see130

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see128

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see124

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see123

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see122

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see120

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see120

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see120

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see119

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see118

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see117

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see117

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see117

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see116

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see115

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see114

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары