Қызылорда облысында Қорғаныс министрі сарбаздармен кездесті

12.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі әскери бөлімдердің жай-күйімен танысты.

Министр облыстық аумақтық қорғаныс бригадасының қызметіне үңіліп, 99215 әскери бөлімінің штаб жұмысына, жеке құрамның орналасуы мен сарбаздардың тамақтану жағдайына тексеріс жүргізді. Сондай-ақ сала басшысы күзгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы мен запастағы әскери қызметшілерді даярлау барысын пысықтап қайтты. Жаңартылған әскери нысандарды, казарма мен асхананы аралап, сарбаздармен тілдесті. Әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, дербес барлау полкінің зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы мен жауынгерлік машиналар паркінің жағдайы да назардан тыс қалмады. Сапар нәтижесінде министр бөлімше басшылығына сарбаздардың жауынгерлік әзірлігін арттырып, қызметтік жағдайын жақсартуға қатысты бірқатар тапсырма жүктеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью