Ресей Украинаға Шахед дрондарымен соққы жасаудың жаңа тактикасына көшті Business Insider

16.05.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ресей Украинаға қарсы «Шахед» дрондарын қолдану тактикасын өзгерте бастады. Бұрын мұндай шабуылдар көбіне түнде жасалса, қазір күндіз де жиілеп кеткені байқалады. Business Insider cарапшыларының пікірінше, бұл Украина әуе қорғанысын әлсіретуге және халыққа психологиялық қысым көрсетуге бағытталған жаңа тәсіл болуы мүмкін.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәліметінше, екі күн ішінде Ресей тарапы 1567 ұшқышсыз аппарат пен 56 зымыран ұшырған. Кейінгі шабуылдар ұзақ уақыт бойы тоқтаусыз жалғасып, соғыс басталғалы бергі ең ауқымды соққылардың бірі ретінде бағалануда. Украина сарапшылары мұны Ресейдің «қажыту соғысына» көшу әрекеті деп түсіндіреді.

Украиналық талдаушы Игорь Анохиннің айтуынша, 2026 жылы мұндай ұзақ әрі толқынды шабуылдар бірнеше рет қайталанған. Мысалы, наурыз айының соңында бір тәуліктің ішінде мыңға жуық дрон ұшырылса, сәуір айында шабуылдар 32 сағаттан астам уақыт үздіксіз жүрген. Бұл жағдай қазіргі соғыста дрондардың рөлі бұрынғыдан да күшейгенін көрсетеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью